қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2019

Педагогикалық практиканың қорытындысы

 

23 ақпанда күндізгі оқу бөлімінің 3 курс студенттерінің «Бастауыш сыныпта сабақ беріп көру» педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өткізілді.


Конференцияға студенттер, әдіскерлер және практика жетекшісі қатысты. Әрбір студент практика есебін және қажетті құжаттарды көрсетіп, күнделік, педагогикалық папка, есеп, перзентация, фото және видео материалдар ұсынды.

 

Практика жетекшісі Лариса Лебедева практиканың ұйымдастырылуы мен жүргізілуінде №56 гимназия мұғалімдерінің маңызды рөл атқарғанын айтып өтті. Олар студенттер мен әдіскерлермен белсенді түрде бірлесе әрекет ете отырып, түрлі шараларды өткізуге қатысты.


Әдіскерлер әрбір практиканттың жұмысына баға берді. Орыс бөлімінің студенттері Руфина Хейроева, Сабина Хелимахунованың сабақтарды жүргізудегі түрлі жаңашыл әдістерді орынды қолдана алуы әдіскерлер тарапынан жоғары бағаланды. Бұл студенттер сабақ жүргізуде әртүрлі прогрессивті әдістер мен білім беру нысандарын пайдаланды. Конференция нәтижесі бойынша орыс бөлімі студенттерінің 85%-ы «өте жақсы», 15% -ы «жақсы» деп бағаланды.


Практика жетекшісі Назгүл Сартаева №159 Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның практика базасы студенттерге тиімді болғанын атап өтті. Аталған гимназия қазақ бөлімінің студенттері Елзира Тұрсынқожа, Аружан Жұмашева, Гүлнұр Үдербаеваға келесі жылғы практиканы осы мектепте өтуі жайлы ұсыныс жасады. Конференция нәтижесі бойынша қазақ бөлімі студенттерінің 65%-ы «өте жақсы», 27% -ы «жақсы», 8%-ы «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу