қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2019

Халықаралық ана тілі күніне арналған

 

2019 жылдың 21 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне арналған «Тіл байлығы кітаптарда» тақырыбында әдеби композиция өткізілді.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Сафаргалиева болды.

 

Іс-шараның мақсаты: әр түрлі мәдениеттердің ерекшеліктерін түсіну және оларды құрметтеуге тәрбиелеу үшін негіз қалыптастыру.

 

Іс-шараға Педагогика және Психология институты «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.


Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнәр Уайсова, аға оқытушы Ардақ Тазабекова, 3 курс студенті Елзира Тұрсынқожа студенттердің туған мәдениеті мен басқа халықтардың мәдениетіне деген құрметін рухани-адамгершілік мұра ретінде жоғары деңгейде атап өтті. Сондай-ақ 1-2 курс студенттері ана тілінің маңыздылығы туралы айтып, жазушылар туралы қызықты презентациялар дайындады,ал әр түрлі халықтардың ақындарының өлеңдерін тамаша, мәнерлі оқылуы ешкімді бей-жай қалдырмады.

 

   

 

   




Кері оралу