Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
09.01.2019
«5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттері үшін бағдар беру конференциясын өткізу туралы
2019 жылдың 8 қаңтары сағат 10.00-де бітіруші курс студенттеріне бағдар беру конференциясы өткізілді. Конференцияға кафедра меңгерушісі п.ғд., профессор Әзия Жұмабаева, практика жетекшілері Лариса Лебедева, Назгүл Сартаева, әдіскерлер: Әсел Акпаева, Екатерина Рябова, Айгүл Сафаргалиева, Гаухар Қамза, Бауыржан Жанкушков, Гүлнар Уайсова, Эльмира Уайдуллақызы, Әсел Стамбекова, Айдос Абдыкадыров қатысты.
Өндірістік практикадан өту үшін мектеп әкімшілігімен келісе отырып әр сыныпқа бір студенттен бөлінді. Олар өндірістік және мамандандыру бойынша практика бағдарламаларына сәйкес белгіленген жұмыс көлемін атқаруы тиіс.
Барлық практикантқа қажетті құжаттар (практика күнделігі, практикаға жолдама, есеп беру құжаттарының формасы) берілді.
Практика соңында (кемінде екі күн бұрын) практиканттар төмендегідей есеп беру құжаттарын өткізуі керек: 1. Практика күнделігі; 2. Оқу пәндері бойынша қысқамерзімді жоспар мен сабақтан тыс жұмыс жоспарлары; 3. Педагогикалық папка; 4. Мектеп әкімшілігімен расталған практиканттың практика бойынша бағаланған оқу-тәрбие жұмыстарына сипаттама.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|