Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
05.06.2018
Педагогикалық білім беру бойынша халықаралық форум
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы Қазан Федералды университетінің Психология және білім беру институтымен (Татарстан, Казань) үшінші жыл ынтымақтастық қарым-қатынаста. Бұл ынтымақтастық аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді: «Менің мамандығым - мұғалім» эссе байқауы, «Сабақ таныстырылымы» байқауы, бастауыш білім берудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер.
Биылғы жылы Қазан қаласына іссапармен барған бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Рябова Екатерина 22-24 мамыр аралығында Қазан Федералды университетінде өткен ІV Халықаралық педагогикалық білім беру форумына қатысты.
Бұл іс-шараның айрықша ерекшелігі - оның утилитарлық бағыттылығы: оқытушылар форумға өздерінің жұмысында кездесетін өзекті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға келеді. Секциялардың жұмысы жаңа тұрпатты мұғалімнің тұлғасын және кәсіби қызметін модельдеуге бағытталған.
Екатерина Рябова форум секцияларының бірінде «Қазіргі заманғы білім беру жүйесі жағдайында студенттердің тұлғалық кәсіби өзін-өзі анықтауы» тақырыбында баяндама жасады (мақала Азатгүл Қдырбаевамен авторлық бірлікте жазылған). Жасалған баяндама тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды және барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Сондай-ақ, Екатерина Рябова университет туралы, оның тарихы мен бүгінгі қызметі туралы әңгімелеп берді.
Келесі V Халықаралық педагогикалық білім беру форумы 2019 жылы болады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|