қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2018

«Педагогика және психология аруы -2018» байқауы

 

2018 жылдың 16 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдығына орай Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Гульжанар Арынова және Мариям Бекбаевалардың ұйымдастыруымен «Педагогика және психология аруы -2018» байқауы өткізілді.

 

Сайысқа 5 адам қатысты: Асель Сарсенбаева ("Дефектология" мамандығы), Мадина Аскаркызы ("Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы), Фариза Қоңырбай ("Педагогика және психология" мамандығы), Айдана Доғдыбайқызы ("Әлеуметтік педагогика және өзің-өзі тану" мамандығы), Өтегенова Ғазиза ("Әлеуметтік педагогика және өзің-өзі тану" мамандығы).

 

Сайыс 6 бөлімнен тұрды: "Таңыстыру", "Сұрақ-жауап", "Мастер-класс", "Өз оңері", "Үй тапсырмасы", "Дефиле".

 

Байқауда Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі мамандығының 1-курс студенті Асқарқызы 1-орынды иеленіп, университет көлемінде өтетін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аруы - 2018» байқауына қатысуға жолдама алды.

 

  

 

 




Кері оралу