қазақша · русский · english
 
 
 
27.03.2017

«Қазіргі заманғы мектепке қандай мұғалім керек?»


2017 жылы 24 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы мен ҚФУ (Ресей, Қазан) студенттерімен «Қазіргі заманғы мектепке қандай мұғалім керек?» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты: қазіргі заманғы білім саласындағы өзекті мәселерді талқылауға жастарды тарту, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, ата-ана мен мұғалімдер қарым-қатынасы мәселелерін шешу.
Келесі сұрақтарға жауаптар қарастырылды:
1. «Қазіргі заман мұғалімі» формуласы қандай?
2. Мұғалімдерге өз жұмыстарында ата-аналарға сүйенуге бола ма? Ата-ана көмекші ме?
3. Қазір қалай оқыту керек? Қазіргі өзекті білім беру технологиялары қандай?
4. Қазіргі заман мұғалімінің шығармашылық табыс кеплі қандай?
Дөңгелек үстел қатысушылары «Талапкерлер», «Студенттер», «Жас педагогтар», «Ата-аналар» атты топтарға бөлініп жұмыс жасады. Студенттер белсенді түрде өз ойларын жеткізді. Талқылау қоратындысы бойынша қонақтарымыз алда осы салада ынтымақтастықтарын дамытуға ұсыныс тастады.

 

  

 

 




Кері оралу