Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
19.02.2025
«Сабақ беріп көру» іс-тәжірибесінің қорытындысы жасалды 2025 жылдың 17 ақпанында Бастауыш білім беру кафедрасының 3-курс білімалушыларымен «Сабақ беріп көру» педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті.
Конференция ерекше форматта болды. Студенттер өз есептерін ұсынып қана қоймай, алған тәжірибелері, жетістіктері мен қиындықтары туралы айтып берді.
Жетекшілермен, педагогтермен және психологтермен бірлесіп практикадан өту процесін жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты.
Университеттің 2024/2025 оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес Педагогика және психология факультеті Бастауыш білім беру бағдарламаларының күндізгі бөлім 2-курс (3 жылдық) және 3 курс (4 жылдық) білімалушылары 20.01.2025-15.02.2025 аралығында педагогикалық «Сабақ беріп көру» іс-тәжірибесінен өтті. Тәжірибеге барлығы 152 студент қатысты. Іс-тәжірибе базасы болып «№185 мектеп-гимназиясы», «№19 жалпы білім беретін мектебі», «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназиясы», «Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясы», «№201 мектеп-гимназиясы», Aisaf-Almaty гимназиясы, «Нұрлан Саметұлы атындағы мектеп» ЖШС, «Innovative school» және даульді негізде «NGS жаңа ұрпақ мектебі», «№32 ЖББМ», «№39 гимназия» бекітілді. Іс-тәжірибе мақсаты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жобалау мен іске асыруға байланысты жалпымәдени, кәсіби және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру деп алынды. Кафедрадан бөлінген әдіскерлер Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Абдыкадыров А.О., Арынова Г.Ғ., Маханова А.К., Қамза Г.Б., Бекбаева М.Т., Сарсенбаева Г.Х., Найманова Д.М., Калбергенова Ш.Б., Сәмбет Д.Б., Нұржанова В.А., Анапияева С.С. іс-тәжірибеге студенттердің теориялық және әдістемелік даярлығын қамтамасыз етті; студенттермен бірлесе отырып, қажетті құжаттардың дайындығын жүзеге асырды; үнемі сабақтар мен сыныптан тыс шараларға қатысып, олардың өтілуін талдап, түзетіп, ұсыныстарын жасады.
Іс-тәжірибені психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге жауапты кафедра оқытушылары Бекбаева М.Т., Сарсенбаева Г.Х., Нұржанова В.А., Анапияева С.С., Сәмбет Д.Б., Есентаева Б.У. сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, олардың өткізілуін талдады. Бастауыш сынып оқушысы мен сынып ұжымының жеке басына психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу бойынша студенттерге кеңес берді.
Қорытынды конференцияда студенттер практика барысында қажетті қолдауды қамтамасыз еткен кафедра оқытушылары мен әдіскерлерінің шешуші рөлін атап өтті, сондай-ақ мектеп мұғалімдері-тәлімгерлеріне алғыс білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|