қазақша · русский · english
 
 
 
18.12.2024

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара


2024 жылдың 13 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты - білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, мақтаныш пен құрметті тәрбиелеу, отансүйгіштікті қалыптастыру және Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну.


Іс-шара барысында Бастауыш білім беру бизнес инновациялармен бағдарламасының 2 курс студенттері дайындалған презентацияларды ұсынды, маңызды тарихи және танымдық фактілермен бөлісті. Қатысушылар арасында пікір алмасу үшін қызықты сұрақтар қойылды, бұл қызу пікірталасты тудырды. Іс-шараның әр сәті шабытқа толы болды, студенттердің белсенділігі мен шығармашылық көзқарасы қонақтардың ерекше ризашылығын тудырды. Және іс-шара студенттердің топтық шығармашылық жұмысымен аяқталды: ерекше күнге арналған табиғи материалдардан жасалған қолөнер. Бұл іс-шара студенттерге ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді деп үміттенеміз.


Ұйымдастырушылар: Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары Бекбаева Мариям және Самбет Динара.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу