қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2024

Заманауи білім беру процесіндегі мұғалімнің тұлғасы: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және даму перспективалары  


2024 жылдың 10 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор Ромсейіт Мұхаметжанұлы Қоянбаевтың 85 жылдығына арналған халықаралық форум өтті. Форум 200-ден аса Қазақстан және шетел қатысушыларын біріктірді.

 

Форум басында Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева мен ғылыми қоғамдастықтың жетекші өкілдері қатысушыларды құттықтады. Форум барысында Ромсейіт Қоянбаевтың педагогикалық ғымының дамуына қосқан үлесіне ерекше мән берілді.

 

Ромсейіт Қоянбаевтың идеяларына сүйене отырып, профессор Берікжан Әлмухамбетов мұғалімдердің кәсіби дамуының жаңа көгжиектері жайлы айтып өтті. Ал, Сақыпжамал Ұзақбаева болашақ ұрпақтарды тәрбиелеудегі педагогтің жеке қасиеттерінің маңыздылығына тоқталды. Doctor Anita Banerjee (Ташкент, Өзбекстан) педагогтердің цифрлық біліктерін дағдыларын дамытудың қажеттілігіне баса назар аударды. Профессор Маманазар Джумаев (Ташкент, Өзбекстан) цифрлық білім беру ортасы жағдайында бастауыш мектепте математиканы оқыту идеяларымен бөлісті. Қырғыз ұлттық университетінің өкілдері Қазиева Гүлзат мен Сыдықова Махабат жаһандану жағдайындағы ұрпақтар сабақтастығы мәселелерін талқылады. Философия ғылымдарының кандидаты,  профессор Қоянбаевтың қызы Қоянбаева Гүлнара отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау аспектісінде ұрпақтар сабақтастығының философиялық негіздерімен бөлісті.

 

 «Қазіргі білім берудегі ізгілікті педагогика және заманауи білім берудегі цифрландыру: қатерлері мен болашағы» секциясында (модераторлар: профессор Лебедева Лариса және қауымдастырылған профессор Кариев Адлет қатысушылар ізгілікті педагогиканың қазіргі заманғы сын-қатерлері мен өзара іс-қимылын талқылады. Адиля Сүлейменованың «Эмоционалды интеллектті дамыту: педагог пен оқушының синергиясы» шеберлік сыныбы ерекше қызығушылық тудырды.

 

«Ұрпақтар сабақтастығы: теория және әдістеме» секциясында (модераторлар: профессор Улбосын Қыякбаева және профессор Алма Айтпаева) отбасылық құндылықтарды сақтау, мектепке дейінгі ұйымдар мен әлеуметтік институттардың интеграциясын дамыту туралы диалог жүзеге асты. Осы күні «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының бастамасымен Педагогика және психология факультетінің ғимаратында Ромсейіт Қоянбаев атындағы кабинет салтанатты түрде ашылды.

 

Ромсейіт Мұхаметжанұлы Қоянбаевтың педагогиканы ізгілендіру, мұғалімнің адамгершілік құндылықтарды жеткізуші ретіндегі рөлі туралы идеялары қазіргі ғылым мен практика үшін негізгі болып қала бермек.

Форумда #koyanbaev85 хэштегімен посттар жариялау конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың модераторы магистрант Сәмбет Динара болды.

 

Форумның қорытындысын профессор Азия Жұмабаева қорытындылады, ол іс-шара ғылыми ынтымақтастықты нығайту және педагогика ғылымын одан әрі дамыту алаңына айналғанын атап өтті.

 

Форум модераторлары - магистр Венера Нұржанова мен  профессор Әсел Ақпаева.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу