қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2024

Бастауыш білім беру кафедрасы жоба мүшелерінің іс-сапары


2024 жылдың 20 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, п.ғ.к. Рабига Базарбекова және п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Асел Стамбекова Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне тәжірибе алмасу мақсатында іс-сапармен барып қайтты.

 

Іс-сапар барысында Педагогика және психология институтының педагогикалық-оқытушы құрамымен танысып, оқу үдерісімен, жоба тақырыбы аясында зерттеулермен танысты.

 

Жоба мүшелері мобильді оқыту технологиясы арқылы білім алушыларды ұлттық құндылыққа баулу тәжірибесімен бөлісті. Білім алушылармен және оқытушылармен семинар сабақ ұйымдастырылды. Оқытушылардың сабақтарына қатысып, ұлттық құндылықтарды пәнмен интеграциялау үлгілерімен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу