қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2024

«Білім беру үдерісіне электрондық ресурстар мен жасанды интеллектіні интеграциялау: инновациялар және тиімді тәсілдер» практикалық семинары

 

2024 жылдың 28 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінде «Білім беру үдерісіне электрондық ресурстар мен жасанды интеллектіні интеграциялау: инновациялар және тиімді тәсілдер» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинарды «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Бауыржан Жанқушков жүргізді.

 

Семинарға «6В01303-Бастауыш білім беру АКТ-мен» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері, сондай-ақ магистранттар, докторанттар мен бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары қатысты.

 

Семинар теориялық бөлім мен практикалық тапсырмаларды біріктірген форматта өтті. Қатысушылар жасанды интеллект пен электрондық ресурстарды білім беру саласында қолданудың заманауи тәсілдерімен танысып қана қоймай, алынған білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

 

Семинардың негізгі кезеңдері: Mentimeter платформасын пайдалана отырып, студенттер арасында сауалнама өткізу. Бұл қатысушылардың білім деңгейі мен күтілімдерін жылдам анықтауға мүмкіндік берді; www.flippity.net құралы арқылы студенттерді 4 топқа бөліп, тапсырмалар орындау; Электрондық ресурстарды білім беру процесінде қолдануға арналған SWOT-талдау жүргізу; Жасанды интеллект тақырыбы бойынша бейнематериалдарды көру және талқылау; Жасанды интеллектті пайдалана отырып, студенттердің топтық жұмысы аясында бейнероликтер мен презентациялар дайындау.

 

Семинардың қорытынды бөлімінде Google Forms платформасы арқылы рефлексия жүргізіліп, атқарылған жұмыстың нәтижелері бағаланып, кері байланыс алынды.

 

Семинар болашақ педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін маңызды білім беру бастамасына айналды. Қатысушылар ұсынылған материалдар мен тапсырмалардың тәжірибелік маңыздылығын, сондай-ақ олардың қазіргі заманғы білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы жағдайында өзектілігін атап өтті.

 

Семинар соңында студенттер мен қонақтар Бауыржан Жанқушқовқа мазмұнды әрі пайдалы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірдіріп, семинарда алған білім олардың кәсіби қызметі үшін пайдасы көп болғанын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу