Бастауыш білім беру кафедрасы | ![]()
28.11.2024
Nobel Fest және ұстаздар Саммиті 2024 жылдың 21-23 қарашасында Астанада Nobel Fest және Қазақстан ұстаздар Саммиті өтті. Саммитке шетелдік ғалымдар: Анатолий Некрасов, Михаил Лабковский, Гари Боллс, Кристофер Ханднаги, Константин Северинов, Нобел сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Корея ғалымы Рае Квон Чунг және есімдері әлемде кеңінен танымал басқа да ғалымдар қатысып, білім сапасы, адам тәрбиесі, суицид, Жасанды Интеллект және адамзатты ойландырып жүрген көптеген проблемаларға қатысты өз ойларын ортаға салды.
Саммитте әр жылдары «Ғалам ұстазы» әлемдік жүлде иегерлері болған Кейшиа Торп, Сестра Зеф, дарынды педагог Марриет Уиллер дәріс оқып, мастер класс көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Абай атындағы ҚазҰПУ аталған Саммиттің стратегиялық серіктесі болды. Саммитке бастауыш білім беру кафедрасының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Асқарбек Қусайнов қатысып қайтты. 3 күнге созылған Саммит мазмұнды, жоғары деңгейде өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|