қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2024

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу бойынша жаңаша бағалау форматы әзірленді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасы білім беру үдерісінің сапасын арттыру және педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында кафедра отырысында сабаққа қатысу нәтижесі бойынша пікір парағын талқылады. Отырыста сонымен қатар кафедраның ішкі бақылауын ұйымдастырушы және профессорлық-оқытушылар құрамы инновациялық және заманауи үрдістерді ескере отырып, жаңа формат әзірледі.

 

Мақсаты: заманауи педагогикалық әдістерді кеңінен тарату, оқыту сапасын жақсарту, жас мамандарды қолдап, кәсіби өзара әрекеттестік үшін жағдай жасау.

 

Жаңа форматтағы сабақты талдау келесі аспектілерді қамтиды:

- Сабақ құрылымын, оқыту әдістерін және білім алушылардың белсенділігін бағалау.

- Инновациялық тәсілдерді анықтау: технологияларды қолдану, белсенді оқыту әдістері, пәнаралық байланыс және кері байланыс.

- SWOT-талдау: күшті және әлсіз жақтарды анықтау, мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалау.

- Негізгі критерийлер бойынша нәтижелерді 10 баллдық шкалада бағалау.

 

Кафедра оқытушылары жаңа оқу жылы басталғалы бері жаңа форматты қолдана отырып тәжірибесі қызықты деген әріптесінің сабағына қатысып, кәсіби өсуі мен білім алушыларға білім беру сапасын арттыру үшін тиімді орта құру бойынша өрісін кеңейтіп, осы бойынша әр кафедра отырысында есеп береді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу