қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2024

 Педагогикалық практика – тәжірибе алудың негізгі көзі

 

2024 жылдың 28 қазаны мен 26 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ бастауыш білім беру кафедрасының 2-курс докторанттары Педагогика және психология факультетінде педагогикалық практикадан өтті. Педагогикалық практиканың қорытындысы ретінде төмендегідей ашық сабақтар жүргізілді:

 

Дина Хабиева 13 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті базасында 2 курс магистранттарына «Ғылым мен бастауыш білімнің қазіргі мәселелері» пәнінен «Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі. Бастауыш білім берудің даму жолдарын жобалау» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәрісте отандық және әлемдік бастауыш білім беру мәселелері талданды. Ашық дәріске Абай атындағы ҚазҰПУ мен М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың бастауыш білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттар, магистранттар қатысты.

 

Аққалам Жекеева 19 қарашада «Ақпараттық-технологиялар аясындағы инновациялар мен бизнес пәнінен» қорытынды ашық практикалық сабақ өткізді. Практикалық сабаққа Педагогика және психология факультетінің бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары мен 2 курс докторанттары қатысты. Ашық практикалық сабақта студенттер 3 топқа бөлінді. 1 топ https://egov.kz/cms/kk парталынан қажетті құжаттарды алу, 2 топ https://newcab.kazpatent.kz/ сайтынан авторлық куәлік алу жолдарын, 3 топ Excel бағдарламасында 500 ден астам оқытушыларға жылдам сыйақы мөлшерін есептеу алгоритмдері бойынша берілген тапсырмаларды орындады.

 

Лаура Кожаханова 20 қараша күні 2 курс магистранттарына «Бастауыш білім берудің халықаралық бағалау жүйесі» пәнінен «Бастауыш білім мазмұнын жетілдіру жағдайында білім сапасын бағалау» тақырыбында ашық семинар сабағын жүргізді. Ашық сабақта бастауыш білім мазмұнын жаңарту аясындағы мәселелер мен білім сапасын бағалаудың заманауи әдіс-тәсілдері қарастырылды.

 

Бакыткуль Есентаева 26 қарашада 1 курс магистранттарымен «Development technology «soft skills» пәні бойынша «Correlations between values and behavior: Prohibitory and righteous» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық сабақта Team teaching әдісі қолданылып, қазақша киім үлгісімен ерекшеленіп жүргізілді. Семинарда құндылықтар мен мінез-құлықтың өзара байланысының негізгі ерекшеліктерінің бірі: тыйымдар мен әділеттілікті қарастырды. Сабақтың негізгі бөлімінде топтық тапсырмалар орындап, соңында сауалнама сұрақтары арқылы бағаланды.

 

Нурсауле Джанбырбаева 04 қараша күні «Ақпараттық-технологиялар аясындағы инновациялар мен бизнес» пәнінен «Электронды коммерция. ЭЦҚ алу және қолдану тәртібі, электронды үкімет порталы, жеке кабинетте жұмыс істеу дағдылары (www.pki.gov.kz және www.egov.kz). Электрондық қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Студенттер дәріс барысында электронды коммерцияның маңызы, ЭЦК алу және қолдану жолдарын, сондай-ақ электронды үкімет қызметтерін SWOT-талдау арқылы тиімді пайдалану жолдарын үйренді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу