қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2024

Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын дамыту жолдары

 

2024 жылдың 30 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының 2 курс докторанты Кожаханова Лаура болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинар Лаура Кожанованың диссертациялық тақырыбына байланысты ұйымдастырылды. Ғылыми жетекшісі - профессор Амина Амирова.

 

Семинарға Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары, 1-2 курс магистранттары, 1-3 курс докторанттары, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары, Алматы облысы Талғар қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебінің ұстаздары және т.б. педагогикалық университеттердің студенттері қатысты.

 
Семинарда бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын дамытудың маңызы және оны дамытудың жолдары қарастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу