қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2023

Студент-практиканттардың интербелсенді әдістермен өткізген ашық сабақтары


Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші курс студенттерінің 2023 жылдың 7-9 қараша және 14-16 қараша аралығына бекітілген кестеге сәйкес педагогикалық практикада өткізген ашық сабақтары оң нәтиже көрсетті. Студент-практиканттардың сабақта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттыратын мультимедиалық, цифрлық технологияны тиімді қолдануы, оқушыларды белсенді әрекетке баулитын белсенді әдістерді («Көңілді шар», «Бинго», «Детальдарын қосу», «Джигсо», «Аяқ іздері», «Үш адамдық сұқбат», «Сиқырлы Айна», «Білім ағашы», «Сакура», «Insert», «Текше», т.б.) орынды пайдалануы табысты нәтиже берді.

 

Бастауыш білім беру кафедрасының әдіскер-оқытушылары (Маханова А.Қ., Абдықадыров А.О., Акпаева А.Б., Рябова Е.В., Жұмаш Ж.Е., Жанкушков Б.О., Арынова Г.Ғ., Сарсенбаева Г.Х., Найманова Д.М., Тынысханова А.Т., Қалбергенова Ш.) студенттердің өткізген ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарына қатысып, оларға жүйелі түрде әдістемелік көмек көрсетіп отырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу