Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
16.11.2023
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің IV Халықаралық конкурсы аяқталды
2023 жылдың 10 қазаны мен 15 қарашасы аралығында Абай университеті Педагогика және психология институтының бастауыш білім беру кафедрасында кіші мектеп оқушыларына арналған өлкетанудан математикалық есептер бойынша IV халықаралық студенттік олимпиада өтті. Конкурсты ұйымдастырушы - кафедра профессорлары Акпаева Асель, Лебедева Лариса, аға оқытушы Астамбаева Жупат. Іс-шара модераторлары көптілді топтың 1 курс магистранттары болды.
Қазылар алқасының құрамында кафедра оқытушылары: аға оқытушылар Рябова Екатерина, Базарбекова Рабига, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен Алматы қаласы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің туған өлке салт-дәстүрлеріне, мәдениеті мен тарихына деген қызығушылықтарын арттыру; өлкетану есептерін құрастыру барысында студенттердің зерттеушілік, өлкетанымдық, этнографиялық әрекеттерін дамыту; олардың өз еліне деген патриоттық қатынасын, оның тарихи және мәдени мұраларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; математикаға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету; студенттердің оқу-әдістемелік әрекетке деген мотивациясы.
Жұмыстарда берілген есептер туған өлкенің тарихи, мәдени, табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін бейнелейтін өлкетанушылық материалдардан тұрады. Есептердің математикалық мазмұны бастауыш сыныптар математикасының мектептік курсы бағдарламасына сай болды және есептің құрылымы мен түрін қатысушылар өз беттерімен таңдады. Байқау төмендегідей түрлі номинациялар бойынша ұйымдастырылды.
Конкурсқа Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жұмыстардың жалпы саны - 110. Қатысқан жоғары оқу орындары мен колледждер: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - 37 жұмыс; «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ - 5 жұмыс; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті - 23 жұмыс;«М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ - 10 жұмыс; «Сахалин мемлекеттік университеті» ФМБЖБМ, Психология және педагогика институты (РФ, Южно-Сахалинск қ.) - 1 жұмыс; Тюмень мемлекеттік университеті ЖБ ФМАЖБМ - 11 жұмыс.; Р. Гамзатов атындағы Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ДМПУ) - 1 жұмыс; Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі - 3 жұмыс; Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті - 6 жұмыс; Ферғана мемлекеттік университеті - 6 жұмыс; Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті - 1 жұмыс; Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті - 4 жұмыс; Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті - 1 жұмыс; Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Педагогика және педагогикалық психология институты (РФ, Мәскеу) - 1 жұмыс.
Бұл конкурс студенттерге математиканы оқыту әдістемесі бойынша өз қабілеттерін көрсетуге, сондай-ақ туған өлкесінің мәдениеті мен тарихы туралы білімдерін тереңдетуге тамаша мүмкіндік берді. Қатысушылар оқу-әдістемелік іс-әрекеті үшін құнды тәжірибе мен мотивация алды, ал жеңімпаздар өз еңбектері үшін дипломдармен марапатталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|