қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2023

«Менің мамандығым - мұғалім» халықаралық эссе конкурсы


2023 жылдың 10 қарашасында «Менің мамандығым - мұғалім» IX Халықаралық эссе конкурсының қорытындысы шығарылды. Биыл конкурсқа 43 жұмыс ұсынылды. Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазан федералдық университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, сондай-ақ Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің Лида колледжінің студенттері қатысты.

 

Жеңімпаздарға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар табыс етілді. Іс-шарада әділ қазылар алқасы конкурсқа қатысып отырған студенттер өздері таңдаған мамандыққа үлкен құрметпен қарайтынын атап өтті. №34 гимназияның мұғалімдері Л.Б.Қарамергенова, Д.Т.Абдувалиева, Н.С.Тілеуова, И.С.Петрова, Т.А.Жукова қызықты, сауатты жазылған барлық эсселер конкурс тақырыбын ашатындығын жеткізді.


М.Бегалин атындағы № 120 гимназияның оқу ісі жөніндегі директорының орынбасарлары М.Н. Дерикошма және А.О. Қасымбекова ұстаз мамандығы, оның тарихтағы рөлі, әр елдің тағдырындағы өзгерістер туралы эссе-ой-толғаулар ұнағанын айтты. Бүгінгі таңда көптеген студенттердің өз ата-аналары сияқты мектепке жұмысқа тұруға ұмтылатынын білу тәжірибелі мұғалімдерді таң қалдырды. Жас ұстаздар Е.А.Кулакова, К.В.Дегтярева, Ш.Ю.Халикова көптеген студенттердің эсселерінде оқушыларды тиімді оқыту және шабыттандыру үшін үнемі жаңа әдістер мен технологияларды іздеудің маңыздылығын атап өтуіне назар аударды.

 

Барлық эсселер мұғалім мамандығының қоғам үшін маңыздылығын дәлелдеді. Конкурсты Педагогика және психология институтының бастауыш оқыту кафедрасы ұйымдастырып, өткізді. Модератор - Е.В.Рябова.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу