қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2022

«The role of using educational digital resources in foreign language learning» атты пікірсайыс

 

2022 жылдың 20 cәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтында, «8D013-пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» мамандығының 3 курс докторанты Г.С. Махарова «The role of using educational digital resources in foreign language learning» тақырыбы аясында «Бастауыш білім көптілділікпен» мамандығының 1 курс магистранттары арасында пікірсайыс ұйымдастырды.

 

Аталмыш пікірсайыстың мақсаты - магистранттардың коммуникативті дағдыларын дамыта отырып, магистранттардың цифрлық білім беруде кәсіби-педагогикалық және тұлғалық ұстанымдарын қалыптастыру.

 

Пікірсайыс барысында білім беру үрдісіндегі цифрлық ресурстарды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері, тиімділігі мен кері әсері туралы мәліметтер талқыланды. Сондай-ақ, шетел тілін оқытуға арналған платформалар мен вебсайттардың (Duolingo, Learn English British Council, Internet Polyglot, Live Lingua, Open Culture, Livemocha, Babbel, Learn a Language), әлеуметтік желілердің ықпалы мен ерекшеліктері сипатталды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу