қазақша · русский · english
 
 
 
30.03.2022

Мұғалімдерге арналған тренинг

 

2022 жылдың 28-29 наурызында «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасы ұйымдастыруымен «Bilimkana-Almaty» мектебімен бірлесе мұғалімдерге және студенттерге арналған белсенді тренинг өткізілді.

 

Тренинг барысында мұғалімдер білім беру саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, өз білімдерін жетілдіруде практикалық кеңестер алды.

 

Заманауи білім беру саласында цифрландыру процесін қалай және не үшін жақсарту керектігін түсіне білді. Сондай-ақ, оқыту процесін ұйымдастыру үшін әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері талқыланды.

 

Мұғалім үнемі ізденіс үстінде. Сондықтан, осы тренинг барлық қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер мен өсуге талпыныс берді.

 

   

 

   




Кері оралу