қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2022

Бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестивалі

 

2022 жылғы 11 наурызында М. Мәметова атындағы № 28 мектеп-лицейде Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен ұйымдастырылған бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM-фестивалі өтті.

 

Биыл фестиваль өндірістік тәжірибе аясында өткізіледі. Іс - шараны ұйымдастырушылар: студент-практиканттар Шалапанова К.А. (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 3к.,3ж.) және Манахова А. А. (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 4к,4ж.) және доценттер Ақпаева А. Б. және Лебедева Л. А., ал модераторлар- №28 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары.

 

Бұл іс-шараның мақсаты - оқушылар мен студенттердің STEM білім беруге деген қызығушылығын арттыру, балалардың қызығушылығын қолдау және дамыту, ғылым, технология, инженерия, математика және күнделікті өмір арасындағы байланысты көрсету. Фестиваль STEM бағдарламасын жоғары сынып оқушыларының жетекшілігімен (science, technology, engineering, mathematics) станциялары бойынша балалардың қызықты саяхатын ұйымдастырды. Олардың көмегімен бастауыш мектеп оқушылары логикалық есептерді шешіп, ғылыми тәжірибелер мен фокустар жасап, құрастырды.

 

STEM-фестиваль қорытындысы бойынша әр оқушы -қатысушы дипломын, 10 сынып оқушылары - модератор дипломын, мұғалім мен ата - аналар ұйымға көрсеткен көмегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Фестиваль жас оқушылар үшін мазмұнды және жарқын, қызықты оқиға толы болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» ББ кәсіптік даярлау бөлімі және лицей директоры Айсұлу Медетбековаға, фестивальді дайындау және өткізуге қатысқан оқытушылар мен студент-практиканттарға алғыс білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу