қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2021

«Тіл-тәрбие басы» ток-шоуы

 

2021 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтында «8D013-пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» мамандығы бойынша 3 курс докторанты Г. Б. Қыдырбаева «Тіл-тәрбие басы» тақырыбында үш тілде «Ағылшын тілінде бастауыш білім» ББ 2 курс студенттерімен ток - шоу ұйымдастырды.

 

Ток-шоуға арнайы қонақ ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің лингвист педагогы, Phd докторы, Қазақ тілі оқытушысы Д. М. Қойшығұлова және Халықаралық Дәрежедегі Ағылшын тілі маманы, CELTA IH CAM сертификатының иегері, «Pro Teacher» курсының авторы, Мади оқу орталығының ұйымдастырушысы И.Н.Кульчиева қатысты.

 

Ток-шоу барысында мақсатты тілдерге қатысты өзекті мәселелер, көптілділік ерекшеліктері, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары мен әдістері талқыланды.

 

Бұл іс-шараның мақсаты болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруға, мәдениетаралық білімді еркін пайдалану кезінде лингвистикалық білімді қолдануға және дамытуға мүмкіндік беру.

 

   

 

   




Кері оралу