қазақша · русский · english
 
 
 
18.11.2021

Халықаралық педагогикалық кездесу:бастауыш мектептегі жобалау әрекетін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісеміз

 

2021 жылдың 17-қарашасында Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінде Халықаралық педагогикалық кездесу аясында кезекті отырыс болып өтті. Бұл басқосуда бастауыш білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. ЖОО студенттері, педагогтері мен бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Осы жолы өткен іс-шараға Алматы, Пермь, Волгоград, Мәскеу, Гродно, Бийск, Самара қалаларының студенттері мен педагогтері қатысты.

 

Кездесу спикерлері В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті педагогтері мен г.Бийск қаласы бастауыш мектептерінің мұғалімдері болды. іс-шараға қатысушылар төмендегі тақырыптарда ой бөлісті:

1. М.В.Шилова (МКМ «Бийск қаласы Әкімшілігі білім беру Басқармасы») - «Қаланың білім беру жүйесіндегі дарынды бала».

2. Н.Н.Федянина («№1 Гимназия» бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі) - «Бастауыш білім беру кафедрасындағы дарынды балалармен жұмыс жасау мәселелері».

3. А.Ю.Нижегородцева (Бийск қаласы «№1 Гимназия» бастауыш сынып мұғалімі) - «Дарынды балалармен жұмыстағы тәрбиелеу компоненті».

4. Н.В.Волкова (педагогика ғылымдарының кандидаты, В.М.Шукшин атындағы АМӘПУ, педагогика және психология кафедрасының доценті) - «Бастауыш мектептегі жобалау әрекеті - дарынды балалар үшін білім беру ортасы».

5. И.Н.Чичканова (педагогика ғылымдарының кандидаты, В.М.Шукшин атындағы АМӘПУ, психологиялық-педагогикалық, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті) - «Зерттеушілік әрекеттегі кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту векторлары».

 

Достық әрі ынтымақтастықты нығайтуға арналған кездесуде студенттер жобалау әрекетінің мүмкіндіктері жайлы мол мағлұмат алды. Оқытушылар заманауи білім берудегі жобалау әрекетінің мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған студенттердің халықаралық жобасын ұйымдастыруды ұсынды. Болашақтағы ынтымақтастықта жұмыс жасау жолдары айқындалды.

 

Халықаралық педагогикалық кездесуді Рябова Е.В. ұйымдастырды. Халықаралық педагогикалық кездесудің ұйымдастырушысы іс-шараға белсене қатысқандары үшін барлығына алғыс білдірді. Қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу