қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2021

«Мен мұғалім болсам...» конкурсы

 

Педагогика және психология институтының «7М01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2ші -курс магистранты Шахабай Ұлбала педагогикалық тәжірибе барысында «БОПӘ» мамандығының 3-курс студенттерімен «Мен мұғалім болсам...» тақырыбында конкурс ұйымдастырды. Конкурсқа екі топтан құралған студенттер қатысты. Ол 3 кезеңнен тұрды:

1-кезең: « ПОПС » формуласы;

2-кезең: «Сабақтағы шеберлігім»;

3-кезең: «Мен мұғалім болсам...».

 

Конкурсқа Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің оқытушылары Р. Ж. Базарбекова, Ж. Қ. Астамбаева, А .Т. Тұралбаева қатысты. Олар студенттердің сайыста көрсеткен өнерлері жайлы пікірлерін білдіріп, конкурстың нәтижесін шығарды.

 

Шығармашылық тұрғыдан конкурс жоғары деңгейде өтті.

 

   

 




Кері оралу