қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2021

Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсы


2021 жылы 5 сәуірде «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің арасында жыл сайын өтетін Халықаралық педагогикалық шеберлік онлайн конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың мақсаты - болашақ мамандардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарын дамыту, мамандықтың беделін арттыру; студенттердің дара шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Қатысушылар «Таныстыру» конкурсында өз тобын айқын әрі эмоционалды түрде көрсетулері қажет. «Мінсіз оқушы» конкурсының тақырыбын ерекше ашулары тиіс. Әдістемелік тұрғыдан сауатты сабақ жоспарын дайындаулары қажет.


Конкурсқа келіп түскен тапсырмаларды төмендегідей әділ қазылар алқасы бағалады: Джанзакова Д. Д. - № 1 мектеп-гимназиясының директоры, бастауыш сынып мұғалімі, Алматы; Медетбекова З.О. - №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алматы; Борецкая Н.В. - Б.Майлин атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі, Өрікті ауылы; Шереметова В.А. - «№ 5 ОМ мектепке дейінгі шағын орталығымен» ҚММ бастауыш сынып мұғалімі, Қапшағай қ.; Ткачева А.В. - «М.Бегалин атындағы № 120 гимназия» ҚММ бастауыш сынып мұғалімі, Алматы.; Лагода И.Б. - «М.Бегалин атындағы № 120 гимназия» ҚММ бастауыш сынып мұғалімі, Алматы. Іріктеу барысында әділ қазылар алқасы шығармашылықты, қатысымдық құзыреттілікті, мәселені көре алудың бірегейлігін атап өтті.

 

1-ші орын және 1-ші дәрежелі диплом В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті тобына (Бийск, Ресей) берілді. - Бибик Юлия, Касаткина Алина, Носкова Софья, Плотоненко Анастасия (жетекшісі - доцент Папина Марина Владимировна).

2-ші орын және 2-ші дәрежелі диплом төмендегідей топтарға берілді:
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Исмагулова Индира, Тойчибаева Шахноза, Серік Әсем, Рассалиева Дильназ (жетекшісі - доцент Ақпаева А.Б.).
Слупскідегі Помор Академиясы (Слупск, Польша) - Карина Сырова, Екатерина Турчина, Анастасия Горват (жетекшісі - п.ғ.к. Александрович М.О.).

 

  

 

 

 




Кері оралу