Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
15.03.2021
Ғылыми тағылымдамадан онлайн режимінде өту - уақыт талабы
2021 жылы 1-15 наурыз аралығында «6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының докторанты Ж.Қ.Астамбаева Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Педагогика мен психологиялық білім беру институтында ғылыми тағылымдамадан онлайн өтті.
Ғылыми тағылымдаманың кураторы - психология ғылымдарының докторы, Оқыту әдістемесі департаментінің профессоры М.А. Романова. Ғылыми тағылымдама Microsoft Teams қосымшасымен және Outlook почтасымен жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылды.
Ғылыми тағылымдама кезінде оқу жұмысы бойынша докторант «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттеріне арналған «Мәскеу электронды мектебінің» технологиясы» пәнінен практикалық сабаққа, «Кіші мектеп жасындағы балаларға қосымша білім берудегі STEM ресурстары» пәнінен өтетін семинар, «Математикадан білім нәтижесін диагностикалаудағы тест үлгілерін пайдалану» пәнінен практикалық сабаққа қатысты.
Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша шетелдік кеңесші М.А.Романовамен жеке жұмыс жасай отырып, докторант ғалымның ғылыми еңбектеріне зерттеу мәселесіне байланысты талдаулар жасап, нәтижесінде «Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» арнайы курс материалдарын толықтыру және «Математикалық жаттығуларды орындату алгоритмдері» тақырыбында мақала даярлау және баспаға ұсыну жұмыстарын жүргізді.
Ғылыми тағылымдамадан онлайн өтуге мүмкіндік бергендері үшін Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Педагогика мен психологиялық білім беру институты әкімшілігі, Педагогика мен психологиялық білім беру институты директорының орынбасары, доцент Анна Львова мен профессор Марина Романоваға алғысымызды білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|