қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2020

Халықаралық педагогикалық кездесуде бастауыш білім беру мәселелері талқыланды

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Педагогикалық және психологиялық білім беру институтымен ықтымақтаса жұмыс жасап келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Осы оқу жылында бастауыш білім берудің өзекті мәселелері бойынша Педагогикалық кездесу жұмысын ұйымдастыру жайлы шешім қабылданған еді.

 

Бірінші кездесуде «5В010200-БОПӘ» мамандығының 4 курс студенттері - Голиков Евгений, Ткачева Алина, Лагода Ирина, Абдулла Назугум, Чевган Ирина (Е.В.Рябованың жетекшілігімен) мәскеулік әріптестеріне 2-3-сынып оқушыларына арналған онлайн-викторина ұсынған болатын.

 

2020 жылы 7 желтоқсан күні болған екінші кездесуде Мәскеу студенттері мен олардың жетекшісі Марина Романова Яндекс Оқулық және МЭМ (Мәскеу электронды мектептері) платформалары материалдарының көмегімен сабақтар өткізу тәжірибелерімен бөлісті, сонымен бірге, өздері ұйымдастырып, өткізген кіші мектеп жасындағы балаларға арналған онлайн математикалық олимпиаданың қорытындылары жайлы айтты. Кездесу өте қызық әрі жоғары деңгейде өтті, тыңдаушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар алынды.

 

Біздің кездесуімізге Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Сахалин мемлекеттік университеті, Самар мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті оқытушылары мен студенттері, «6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының докторанттары қосылды.

 

Педагогикалық кездесулер жиі өтіп тұратын болады. Кездесуге қатысушының әрқайсысы өзіне қажетті жаңа әрі пайдалы ақпараттар алады деп үміттенеміз.

 

Кездесуді ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары: доцент А.Б.Ақпаева, аға оқытушы Е.В.Рябова.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу