қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.03.2025

География және экология кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді


2025 жылы 31 наурыз сағат 15:00-де «6D011600 - География» білім беру бағдарламасы бойынша Калдыбекова Разия Елтузерқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылардың географиядан жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастыру» диссертациялық жұмысы География және экология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.


Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Қорғау тілі - қазақ тілі.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Абдиманапов Бахадурхан Шарипович - география ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
Бюлент Аксой - PhD, профессор, Гази университеті, Түркия.

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Асылбекова Айжан Асылбековна - PhD, қауымдастырылған профессор, Картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан);

Кенжебай Рабиға Нөкербекқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/92252378374?pwd=NMzqtGgvdqpVIIuJfa1YScDHPaGlyR.1

Идентификатор: 922 5237 8374
Код: 1234

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30, ЖГИ (6-қабат, 604 -кабинет).