қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.03.2025

Воркшоп: «Шалғайдағы шағын жинақталған мектептер - кафедра назарында»

 

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Шалғайдағы шағын жинақталған мектептер - кафедра назарында» айдарымен Шетел тілдері кафедрасының филиалы ретіндегі әріптестік байланыс орнатқан Қызылорда облысы Арал ауданының екі шағын жинақталған мектептері мұғалімдеріне онлайн воркшоп өткізіледі.


Воркшоптың мақсаты - шалғайдағы шағын жинақталған мектептер мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдау және өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыру.


Міндеттері:
- Оқытудағы заманауи әдістермен таныстыру;
- Цифрлық технологияларды тиімді қолдануды үйрету;
- Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
- Ортақ оқу ресурстарын әзірлеу және бөлісу.


Вебинар жұмысын ұйымдастырушы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті Шетел тілдері кафедрасы, кафедра меңгерушісі, PhD доктор - Иватов Серик Кудайбергенович;
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Нурекешова Гульсим Рахметбековна.


Вебинар жұмысына қатысушылар: Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды және Көктем шағын жинақталған мектептері мұғалімдері мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы Танжарикова Алуа Васильевна, Иватов Серик Кудайбергенович, Нурекешова Гульсим Рахметбековна.


Уақыты: 18.03.2025ж. күні сағат 15.00. Zoom платформасында онлайн.