"Шағын жинақталған мектептер: бүгіні мен болашағы" вебинары
Білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында "Шағын жинақталған мектептер: бүгіні мен болашағы" атты тақырыпта Абай атындағы ҚазҰПУ шетел тілдері кафедрасының филиалы ретіндегі әріптестік байланыс орнатқан Қызылорда облысы Арал ауданының екі шағын жинақталған мектептері ұжымына онлайн вебинар өткізіледі.
Вебинар жұмысының мақсаты - Мектеп ұжымының мұғалімдерін ЖОО орнындағы педагог-ғалымдарымен, әдіскерлермен бірге пікір алмасу алаңын жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті шыңдау тұрғысынан тәжірибе алмасу.
Вебинар жұмысының негізгі міндеттері:
- Шағын жинақталған мектептердегі мұғалімдердің ғылыми әлеуетін көтеру;
- ЖОО педагог-ғалымдарының озық тәжірибелерімен бөлісу;
- Мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелерін ғылыми басылымдарда жариялау мақсатында ғылыми енбектер жазудың тиімді жолдары мен алғышарттарын саралау және айқындау.
Вебинар жұмысын ұйымдастырушы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті шетел тілдері кафедрасы, кафедра меңгерушісі, PhD доктор - Серік Иватов; Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Гүлсім Нурекешова.
Вебинар жұмысына қатысушылар: Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды және Көктем шағын жинақталған мектептері ұжымы мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы Алуа Танжарикова, Серік Иватов, Нурекешова Гульсим Рахметбековна, Еділбай Оспанов, Қарлығаш Молдабаева.
Уақыты: 17.03.2025, сағат 15.00. Zoom платформасында онлайн.