қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.03.2025

«Қазіргі білім берудегі заманауи технологиялық үрдістер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді


2025 жылдың 11 сәуірінде сағат 9.00 - 13.00 (Дейвис уақыты (АҚШ) «Болашақ» халықаралық бағдарламасы «500 ғалым ғылыми тағылымдамасының стипендиаттарының ұйымдастыруымен (Калифорния университеті Дейвис, АҚШ) Ғылым күніне орай «Қазіргі білім берудегі заманауи технологиялық үрдістер»  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференцияға жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жетекші әдіскерлер, білім беру және филология саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысады. 

 

Конференция офлайн-онлайн форматта, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде өтеді.

 

Конференцияның мақсаты: қазіргі білім беру саласындағы сандық трансформациясының өзекті үрдістерін талқылау, білім беру үдерісінде сандық технологияларды дамытудың болашақ бағыттарын анықтау, ЖОО-да лингвистикалық және әдебиеттану пәндерін оқытудың кәсіби деңгейін арттыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

 

Конференция жұмысының басты бағыттары:
1. Білім берудегі сандық трансформациялаудың халықаралық үздік тәжірибелері.
2. Оқытуда жасанды интеллектіні қолданудың этикалық аспектілері.
3. Білім беру үдерісінде лингвистикалық корпустарды пайдалану мүмкіндіктері мен қолжетімділігін кеңейту.
4. Цифрлық дәуірдегі интернет әдебиет: оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар.
5. Цифрлық білім берудің болашағы: жаңа технологиялар және олардың білім берудегі ықпалы.

 

Конференцияға қатысу үшін:
1. Үлгі бойынша өтінім беру (1-қосымша).
2. Көлемі 7 бетке дейінгі ғылыми мақала/баяндама 2025 жылдың 30 наурызына дейін conferencedevis@gmail.com электронды мекенжайына жіберілуі керек (Файл атауында - автордың тегі көрсетілуі міндетті, мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар 2-қосымшада).
Тіркелген қатысушыларға арналған конференция материалдарының жинағына мақалаларды қабылдаудың соңғы күні - 31 наурыз 2025 жыл. Редакция жариялау үшін материалдарды таңдау құқығын өзіне қалдырады, плагиатқа тексеріледі.
3. Тіркеу жарнасы: Халықаралық конференцияның жұмысына қатысу және электронды жинақта материалдарды жариялау ғалымдар үшін тегін. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ISBN берілген мақалалар жинағы электронды нұсқада шығарылады.


Байланыс телефондары:
Гулнур Байшукурова, филология ғылымдарының кандидаты (PhD), қауым. профессор; +7701 5706123
Жаңагүл Саметова, PhD, +77051169397, 530 220 80 15
Электронды пошта: conferencedevis@gmail.com

 

Конференцияны өткізу білім беруді цифрландыру саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіруге, сондай-ақ білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді.


Қатысушылардың сұрауы бойынша электронды сертификат беріледі.