![]()
12.03.2025 «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» конкурсы өтеді 2025 жылдың 8 сәуірінде сағат 15-00, Бас оқу ғимаратында 202 аудиторияда «Ең үздік студенттік ғылыми ұйым» конкурсы өтеді. Конкурстың мақсаты: Университеттің ең үздік студенттік ғылыми ұйымын анықтау арқылы зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттерді ынталандыру. Конкурстың міндеттері: студенттік ұйымдардың жұмысымен танысу; университеттің ең үздік студенттік ғылыми ұйымын анықтау; білім алушылардың арасында ғылымды насихаттау; студенттерге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кеңес беру.
Конкурсқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттік ғылыми ұйымдарының мүшелері қатыса алады.
Конкурстың жеңімпаздарын анықтаудың кезеңдері (турлары): Бағалау критерийлері: ұйым мүшелерінің шығармашылық жұмысты ұсынудағы дайындық деңгейі; ұйым жұмысының нәтижелерін дәйекті түрде көрсете білуі; ой нақтылығы және түсінікті жеткізілуі; ой өрісінің кеңдігі және логикасы.
2-тур. Жылдам жауап. Әр топқа 3 минут. Бұл кезеңде топ басшыларына арнайы академиялық жазылым бойынша сұрақтар қойылады. Сұраққа барынша тез, әрі нақты жауап беру қажет. Бағалау критерийлері: ой нақтылығы және түсінікті жеткізілуі; жылдамдық, нақтылық; ой өрісінің кеңдігі және логикасы.
3-тур. «Біз зерттейтін мәселе». Әр топқа 5-7 минут. (Ұйым мүшелерінің жарияланымдары арқылы ғылыми ізденімпаздықтарын анықтау). Бағалау критерийлері: ұйым мүшелерінің конференция және т.б. ғылыми іс-шараларға қатысу белсенділігі; ұйым мүшелерінің зерттеу жұмыстарын терең зерттеу деңгейі мен оның нәтижелігі.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау: Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би 30, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жас зерттеушілер кеңесі.
Ғылыми-әдістемелік комитет жетекшісі: Арайлым Утемисова, +7 7783667105.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТЕГІН! |