|
Арнайы педагогика кафедрасы | |
Педагогика және психология факультетінің арнайы педагогика кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі оқу-әдістемелік жұмыстармен тығыз байланыста жүргізіледі, бұл мамандықтар мен білім беру бағыттарының кең спектрі бойынша кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Оның басым бағыттары: 1. Арнайы педагогика және психология саласындағы қолданбалы зерттеулер; 2. Инклюзивті білім беру режимінде жұмыс істейтін арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу; 3. Жоғары оқу орындары мен арнайы білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларын, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу; 4. Халықаралық және республикалық ауқымда ғылыми және практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларға (конференциялар, семинарлар және т.б.) қатысу. Арнайы педагогика кафедрасы қызметкерлерінің ҒЗЖ тақырыбы «Арнайы білім беру және жоғары арнайы білім беру жүйелерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбындағы кафедраның ғылыми зерттеулері арнасында айқындалған. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттері: - арнайы білім беру жүйесінің кадрларын даярлау саласында озық отандық ғылымды дамытуға ықпал ететін өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу; - инклюзивті білім беру жүйесінің мамандарын даярлау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен оқу процесін толықтыру; -республикада және шетелде профессорлық-оқытушылық кадрлардың ғылыми біліктілігін арттыру; - ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау (докторантура, магистратура, бакалавриат); -арнайы білім беру жүйесінің педагог қызметкерлеріне, арнайы педагогтерді даярлаумен шұғылданатын жоғары оқу орындарына; арнайы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған оқулықтар, оқу құралдары мен ОӘК әзірлеу; - оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды, ОӘК, МЖМБС және т. б. рецензиялау, сараптау; - білім беру бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды әзірлеу және редакциялау; - ЖОО кітапханасын ақпараттық қамтамасыз ету; - Қазақстан республикасы, жақын және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық; - сараптамалық комиссиялар, ғылыми журналдардың редакциялық алқалары, ғылыми қауымдастықтар құрамындағы жұмыстарды орындау.
2023-2024 жылдары «Арнайы педагогика» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ҚР ҒжЖБМ және басқа да ұйымдар қаржыландыратын жобаларға қатысты және жетекшілік етті. Жобаларды әзірлеушілер мен қатысушылар: пс.ғ.д., профессор Н.Б.Жиенбаева., пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Н.Аутаева, п.ғ.к., доцент Г.А.Абаева, п.ғ.м., аға оқытушы А.М.Кемешова, аға оқытушы, п.ғ.к. Т.Ж.Байдильдинов; сондай-ақ п.ғ.к., доцент Г.А.Абаева «Erasmus+Programme of the European Union» бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми, білім беру жобаларына қатысады.
«Арнайы педагогика» кафедрасының ғылыми-метрикалық деректері бойынша көрсеткіштері келесідей: әртүрлі шетелдік және республикалық басылымдар мен баспаларда 94 басылым жарық көрді, оның ішінде: - алыс шетелде жарияланған ғылыми мақалалар -3; - жақын шетелде жарияланған ғылыми мақалалар-2; - ҚР ҒЖБМ БҒССҚК журналдарында жарияланған ғылыми мақалалар-19; - ҚР басқа журналдарында жарияланған ғылыми мақалалар-33; - алыс шетелде жарияланған ғылыми конференциялардың тезистері-2; - жақын шетелде жарияланған ғылыми конференциялардың тезистері-3; - ҚР-да жарияланған ғылыми конференциялардың тезистері-11; -импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақалалар-9; - ҚР мектептеріне арналған оқулықтар, мұғалімдерге арналған құралдар, үлгілік оқу бағдарламалары, жұмыс дәптерлері-7; - жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары-5.
Кафедра оқытушылары ҒЗЖ аясында 11 авторлық құқық куәлігіне ие болды. Сондай-ақ, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы биыл ҚР-да, жақын және алыс шетелдерде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы 23 сертификат алды, бұл оқу процесіне инновациялар мен модификациялар енгізуге мүмкіндік береді.
Студенттер мен магистранттар республикалық олимпиадаларға, халықаралық байқауларға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болды.
Арнайы педагогика кафедрасы жүргізетін зерттеулер мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесін ғылыми-теориялық және әдістемелік қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік тапсырыспен айқындалады. Бұл бағыттар арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік саласын дамыту және басқару қажеттіліктерімен де анықталады. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми қызығушылықтары «Логопедия», «Олигофренопедагогика», «Сурдопедагогика», «Тифлопедагогика» мамандықтары мен арнайы педагогиканың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Арнайы педагогика кафедрасының ғылыми зерттеулерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қазақ тілінде оқыту мәселесі ерекше орын алады. Қазақстанда соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды этномәдени бағдарлау, қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясы негізінде балалардың тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастыру және дамыту бағытында мектепке дейінгі және мектептегі білім беруді реформалаудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл жағдайда Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика кафедрасы екі тілді және бикультуралық негізде құрылған арнайы білім беру мазмұнының ғылыми-әдістемелік негіздемесінің бастамашысы болды. Кафедраның ПОҚ арнайы (түзету) мектептерде қазақ тілінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда. Мұндай жұмыстардың дамуында қандай да бір ауытқулары бар қазақ балаларды әлеуметтендіруде, оларды ұлттық сәйкестендіруде ерекше маңызы бар. Кафедрада орыс және қазақ тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі және мектептің арнайы білім беру ұйымдарына арналған оқыту бағдарламалары, оқулықтар мен ОӘК әзірленеді. Аталған жұмыс түрлері шеңберінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу қызметі ең жаңа ғылыми үрдістерді көрсетеді, өзекті болып табылады және бакалавриат, магистратура және докторантура жағдайында ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл білім алушылардың теориялық және практикалық, жеке даярлығын тереңдетуге, олардың кәсібилігін, шығармашылық ізденіс қабілетін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Арнайы білім беру жүйесі мен педагогикалық жоғары оқу орындарының интегративті процестерін күшейту мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру сапасын арттырудың перспективалы инновациялық ресурстарының біріне айналады, оның синергетикалық әсерін көрсетеді. Облыстардың мамандарға қажеттіліктері, педагогикалық ЖОО түлектерінің саны туралы мәліметтер базасының кешенін автоматтандырылған режимде жүргізуге негізделген арнайы білім беру жүйесі кадрларының мониторингі технологиясын міндетті түрде қосу мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бірыңғай білім беру кеңістігін дамыту стратегиясын оңтайландыруға көмектеседі. Арнайы педагогика кафедрасының оқытушылары естуі, зияты зақымдалған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеуі, тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) балабақшалар мен мектептерге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. «Арнайы педагогика» кафедрасының ПОҚ келесі шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан: 1. «Свети Климент Охридский» атындағы София университеті, арнайы педагогика кафедрасы (София, Болгария); 2. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Мәскеу, Ресей); 3. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей); 4. Қазан Федералды университеті (Қазан қ., Ресей); 5. Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Киев қ., Украина); 6. Х.Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университеті (Ереван қ., Армения); 7. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан); 8. Мария Гжегожевская атындағы арнайы педагогика академиясы (Варшава қаласы, Польша); 9. И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Бішкек қ., Қырғызстан); 10. Шәкәрім университеті (Семей қаласы); 11. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қаласы); 12. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қаласы); 13. Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қаласы); 14. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған қаласы).
|