![]()
05.03.2025 ТМД педагогикалық жоғары оқу орындарының жас оқытушыларына арналған «Оқытуды үйренеміз - 2025» IV Халықаралық байқауы Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті - ТМД елдерінде педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі базалық ұйым, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығы (ЕАПУ) және ТМД елдерінің үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің жас оқытушылар кеңесінің қатысуымен IV Халықаралық «Оқытуды үйренеміз - 2025» ғылыми-әдістемелік әзірлемелер байқауын өткізеді.
Бұл байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, ТМД елдерінің педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының жас оқытушыларын қолдауға, олардың ғылыми-әдістемелік дамуына және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.
Ұйымдастырушылар мен қолдау көрсетушілер: Байқау ТМД Атқару комитетінің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі, Ресей Федерациясының Жалпыресейлік Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы және Педагогикалық білім беруді дамыту қауымдастығы (АРПО) тарапынан қолдау тапты. Байқаудың операторы - Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (МПМУ).
Қатысушыларды тіркеу 2025 жылғы 7 наурызға дейін жалғасады. Өтінім беру сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSczCNR7CiGDhUho5j5_3RGNSkCJVu8iYu9FbjN1AyCJazuwBQ/viewform
Қосымша ақпарат: Байқауға қатысу шарттары мен өткізілу тәртібі туралы толық ақпарат келесі сайттарда қолжетімді: МПМУ: http://mpgu.su/ ЕАПУ: http://euapu.ru/ АРПО: https://arpo.su/ ТМД жас оқытушылар кеңесі: https://young-teacher.site/
Никитин Эдуард Михайлович - em.nikitin@mpgu.su ☎ 8 (499) 245-15-18 Слепова Надежда Викторовна - nv.slepova@mpgu.su ☎ 8 (903) 273-89-30
Барша жас оқытушыларды байқауға қатысуға шақырамыз!
|