«Креативті болашақ: жаһандық өзгерістер контекстіндегі өнер және білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2025 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті «Креативті болашақ: жаһандық өзгерістер контекстіндегі өнер және білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылады. Конференцияның өткізілу уақыты: 10.00-18.00.
Конференцияның мақсаты - қазіргі заманғы білім беру мен өнер саласындағы инновациялық үрдістерді талқылау, креативті ойлауды дамыту, жаңа әдістемелерді енгізу, өзекті мәселелердің шешімдерін іздеу, шығармашылық және ғылыми зерттеулердің болашағын анықтау, сондай-ақ ғаламдық өзгерістер жағдайында әлемдік өнер мен мәдениетті оқыту мәселелерін қарастыру.
Конференцияға қатысуға өнер, мәдениет, білім беру саласындағы мамандар, зерттеушілер мен оқытушылар, сондай-ақ әртүрлі елдерден студенттер, магистранттар мен докторанттар шақырылады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдер.
Баяндамамен сөйлеу регламенті: 5 минут (+ 5 минут талқылау).
Идентификатор: 981 9212 7525.
Құпиясөз: 1234
Сілтеме: https://zoom.us/j/98192127525?pwd=0wNosgLxGWTGhNLd3PabYEyAVMDaKa.1
Ұйымдастырушы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Өнер факультеті.
Байланыс: +7 775 227 6218.
Электронды пошта: kaznpuarts@gmail.com
Ақпараттық хат