![]()
19.02.2025 Халықаралық бағдарламалар, тағылымдамалар, академиялық ұтқырлық және шетелдік студенттерді визалық қолдау бойынша ақпараттық сессиялар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті студенттер мен оқытушыларды халықаралық бағдарламалар мен жобалар, академиялық ұтқырлық, шетелдік тағылымдамалар, сондай-ақ шетелдік студенттерді бейімдеу және қолдау мәселелеріне арналған бірқатар ақпараттық сессияларға қатысуға шақырады. Іс-шаралар 2025 жылдың 24 ақпанынан 6 наурызға дейін жалғасады.
· Академиялық ұтқырлық және шетелдік тағылымдама мүмкіндіктері; · Абай атындағы ҚазҰПУ-да шетелдік студенттерді визалық қолдау және бейімдеу; · Қос дипломды бағдарламаларды құру мүмкіндіктері; · Халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен және өкілдерімен сұрақ-жауап сессиялары кіреді.
|