Әскери кафедра оқуға шақырады!
Абай атындағы ҚазҰПУ 2024 жылы түскен 1 курс және 2023 түскен 2 курс студенттері, Қазақстан Республикасының азаматтары, күндізгі бөлім студенттері әскери кафедрада оқуға ниетіңіз болса, 2025 жылдың 3-ші ақпанынан бастап әскери кафедрада конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші және екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, және үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Өзіңізбен келесі құжаттар болуы тиіс:
1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
2. Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі) тек ұл балалар үшін;
3. ЖОО-дағы нақты оқуы туралы анықтама («Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы);
4. 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;
5. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (ХҚКО);
6. Мекен-жай туралы ақпарат (тек қыздар үшін);
7. Жеке істерді тіркеуге арналған екі мөлдір файл.
Сұрақтарыңызбен № 2 кабинетке немесе төмендегі телефонға хабарласыңыз:
1. Запастағы подполковник Оразбеков Бауыржан Жаркынбекович - 87789552121;
2. Жұмыс телефон - 3822735.
Құжаттарды қабылдау кестесі:
1. Дүйсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін
2. Сейсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін
3. Сәрсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін
4. Бейсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін
5. Жұма сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін
6. Сенбі, жексенбі-демалыс күні
Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін
Әскери кафедраға түсу ережесі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 265 бұйрығы бойынша «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылдың 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы бойынша.
Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді жыл сайын іріктеу комиссиясы конкурс негізінде қабылдау жоспарына сәйкес жүргізеді.
Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады.
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспайтын студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуге конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- бірінші кезең - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;
- екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
- үшінші кезең - дене шынықтыру дайындығын тексеру;
- төртінші кезең - ЖЖООКБ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары (бұдан әрі - 7-нысан) беріледі. Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижелері 7-нысан бойынша іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.
Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.
Студенттердің дене шынықтыру дайындығы осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖООКБ-ның компьютерлік сыныптарында жүргізіледі және ол ынталылық, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту және дене шынықтыру дайындығы нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын ведомоста ескеріледі.
Тегін негізде оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.
Конкурс кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген студент сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде өтініш (ерікті нысанда) жасайды.
Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.