қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.01.2025

«Жаңа Қазақстанның басым құндылықтары: педагогтердің жаңашыл идеяларынан ХХ ғасырдың білім берудегі заманауи инновацияларына» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді


2025 жылғы 25 сәуірде Педагогика және психология факультетінің Педагогика кафедрасы КСРО халық мұғалімі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Жауынгерлік Қызыл Ту Ордені, Отан соғысы ордені, Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа Қазақстанның басым құндылықтары: педагогтердің жаңашыл идеяларынан ХХ ғасырдың білім берудегі заманауи инновацияларына» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

Конференцияға қатысуға: отандық және шетелдік ғалымдар, білім басқармаларының басшылары мен мамандары, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, мектеп директорлары мен мұғалімдері, докторанттар, магистранттар шақырылады.


Конференцияға қатысуға өтінімдерді берудің мерзімі: 2025 жылғы 25 наурызға дейін.

 

Қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/91670253461?pwd=SafGC9R3RfMQuPqHA2DW8GsXBFfnyq.1#success

 

Байланыс: pedagog-nurgaliev100@bk.ru, Дамира Маратовна – 87016099619;  Алия Серікқызы – 8701 663 85 60.

 

Өтетін орны: Достык даңғылы, 13, мәжіліс залы, 202.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ