![]()
23.01.2025 Әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу құжаттарын қабылдау басталады Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрада оқуға ниетті, оқуға 2024 жылы түскен 1 курс және оқуға 2023 түскен 2 курс күндізгі бөлім студенттерін әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысу құжаттарын тапсыруға шақырады.
Құжаттар 2025 жылдың 03 ақпанынан бастап қабылданады.
Өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:
1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі); 2. Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі) (тек ұл балалар үшін); 3. ЖОО-дағы студенттің нақты оқуы туралы анықтама («Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы); 4. 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет; 5. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (ХҚКО); 6. Мекенжай туралы анықтама (тек қыздар үшін); 7. Жеке істерді тіркеуге арналған екі файл.
Барлық сұрақтар бойынша № 2 кабинетке және көрсетілген телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 1. Запастағы Подполковник Бауыржан Оразбеков - 87789552121; 2. Оқу бөлімінің қызметтік телефоны-382 27 35.
Құжаттарды қабылдау кестесі: 1. Дүйсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін; 2. Сейсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін; 3. Сәрсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін; 4. Бейсенбі сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін; 5. Жұма сағат 09.00-дан 17.00-ге дейін; 6. Сенбі, жексенбі-демалыс күні.
Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
|