қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.01.2025

 

2024-2025 оқу жылының ІI жартыжылдығына арналған оқу ақысына жеңілдік алуға өтінім қабылдау басталды


Білім алушыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2025 жылдың 20 қаңтарынан 3 ақпанға дейін оқу ақысына жеңілдіктер беру бойынша өтінімдер қабылданады. Ережеге сәйкес ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысына 10%-дан 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылады.


Ескерту:

1. 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығында өтініш берген студенттер ІІ жартыжылдыққа өтініш бере алмайды. Себебі оқу ақысына жеңілдік толық 1 жылға беріледі.

2. QR-кодты сканерлеу арқылы Google Формасына өтіңіз, өтінішті мұқият толтырыңыз.

3. Бір студент форманы тек бір рет қана тапсыра алады.

4. Бір электронды поштадан бірнеше тұлғаның өтініші қабылданбайды.

5. Барлық қажетті құжаттарды бір файлмен PDF форматта сканерлеп жіберуіңізді сұраймыз. Қате файл жіберсеңіз, құжатыңыз қабылданбайтынын ескертеміз!

6. Барлық сұрақтар бойынша факультет декандарының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен Әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімге жүгіне аласыз.

 

Байланыс: +7 700 586 82 09; +7 708 621 1608.


Мекенжайы: Қазыбек би, 30/1, Abai students centre, №3 кабинет.

 

QR-кодты сканерлеу арқылы толық ақпаратпен таныса аласыз: