Бос лауазымның атауы
|
Оқу сабақтарын мониторингілеу және бақылау бөлімінің басшысы
|
Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- оқу сабақтары кестесінің цифрлы жүйесін қалыптастыру, электрондық нысандарын құру;
- "Универ" ақпараттық жүйесіне оқу сабақтарының электронды кестесін енгізу, мобильді жүйеде сабақ кестесін қалыптастыру;
- деканаттарға / директоратқа және кафедраларға бекітілген сабақ кестесін ұсыну;
- аудиториялық және зертханалық қордың, кафедралар мен факультеттердің/институттың материалдық базасы мен жабдықтарының жаңа оқу жылына (семестрге) дайындығын тексеруді жүзеге асыру және қойылатын талаптарға сәйкес тиісті ұйғарымдар беру (егер бар болса). Аудиториялық қордың сабақпен қамтылуын бақылау;
- аудиториялық және зертханалық қордың, кафедралардың (факультеттер мен институттардың) материалдық базасы мен жабдықтарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылау. Олардың жағдайын тексеріп отыру;
- сабақ кестесін, емтихан сессияларының кестесін жоспарлау және дайындау, бекіту;
- сабақ кестесінің орындалуын бақылау;
- сабақ кестесін бақылау барысы туралы апта сайынғы есепті ұсыну және тексеру нәтижелері бойынша дерекқорды жүргізу, тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына анықталған бұзушылық жағдайлары туралы хабарлама беру;
- оқу жылының қорытындысы бойынша оқу процесін бақылау туралы есеп беру;
- аудиториялық қордың жай-күйін тұрақты бақылау және ескертулер болса оларды жедел жою үшін материалдарды ұсыну;
- аудиториялық қорды қайта бөлуге байланысты іс-шараларды дайындау;
- аудиториялық қордың материалдық базасын дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
- бөлімнің барлық құжаттамасының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
- Тиімді жоспарлауды, оқыту процестерін жүзеге асыруды және басқаруды қамтамасыз ету үшін университетке қажетті құжаттарды жасау;
|
Лауазымдық міндеттері
|
- Еңбек шартында, Қоғамның ішкі актілерінде және лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау.
- Өз құзыреті шегінде академиялық мәселелер бойынша департамент директорының тапсырмаларын (алған міндеттерін), сондай-ақ Қоғам басшылығының тапсырмаларын уақтылы және адал орындау.
- Міндеттерді тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру.
- Бөлім жұмысын жоспарлау және бақылау.
- Ұжымда қарым-қатынастың этикалық нормаларын сақтау. Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау.
- сабақ кестесінің орындалуын бақылау.
- сабақ кестесін бақылау барысы туралы апта сайынғы есепті ұсыну және тексеру нәтижелері бойынша дерекқорды жүргізу, тиісті құрылымдық бөлімшелер басшыларына анықталған бұзушылық жағдайлары туралы хабарлама беру;
- оқу жылының қорытындысы бойынша оқу процесін бақылау туралы есеп беру;
- аудиториялық қордың жай-күйін тұрақты бақылау және ескертулер болса оларды жедел жою үшін материалдарды ұсыну;
- аудиториялық қорды қайта бөлуге байланысты іс-шараларды дайындау;
- аудиториялық қордың материалдық базасын дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
- бөлімнің барлық құжаттамасының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
- Тиімді жоспарлауды, оқыту процестерін жүзеге асыруды және басқаруды қамтамасыз ету үшін университетке қажетті құжаттарды жасау;
|
Білімі:
|
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (Информатика немесе техникалық бағыттағы ББ)
|
Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)
|
Жоғары білімнің болуы және жоғары оқу орындарында немесе басқа білім беру ұйымдарында ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл
|
Кәсіби құзыреттер:
|
Есептер, анықтамалар, іскерлік хаттар, бұйрықтар мен өкімдік құжаттардың жобаларын құра білу, хаттамалар жүргізу және байланыс құралдарын, интернет мүмкіндіктерін пайдалану. Университет әкімшілігін, оқытушылар құрамын, студенттерді қоса алғанда, әртүрлі мүдделі тараптармен тиімді қарым-қатынас жасай білу.
|
Жеке құзыреттер мен қасиеттер:
|
Жоғары ұйымдастырушылық қабілеттер, жауапкершілік, орындаушылық, еңбекқорлық, жақсы қарым-қатынас, командада да, өз бетінше де жұмыс істей білу
|
Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)
|
Қазақ және орыс тілдерін меңгеру
|
Компьютерлік дағдылар:
|
Windows, Excel, Word және т. б. кәсіби дағдыларға ие болу
|
Түйіндемені тапсыру мерзімі:
|
|
Байланыс тұлғасы:
|
Кадр саясаты басқармасы
+7 (727) 291-82-57
|