қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

 

КАФЕДРАНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

                                                                                       2016-2017 оқу жылы

 

 

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ!

 

Сонау YIII ғасырда, «Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!» деген арқалы түркі бабаларымыз - келешек ұрпақтың алдында өз парыздарын орындап, келешекке Мәңгілік елдің арманын қалдырып, оған міндетті түрде жас ұрпақтың қол жеткізетініне иманындай сеніп тапсырып кетті.
Ұлттың арман-мұратының шымылдығы айқара ашылды, тәуелсіз ұрпақ өз бабалар салған даңғыл жолында өз Елбасын сайлап, тарихи стратегиялық жоспарларын бекітті. Өз ғылымына өзі ие болды. Ақиқатын тереңінен аршып қарайтын ғалымдар толқынын жасақтады. Қоғам болашағын ғылыми тұрғыда саралап, бағдарын айқындады. Міне, солардың бірі жақында ғана 28 қазанда Алматыдағы еліміздің ғылым шаңырағы Ғылым ордасында Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: тұлғалар тағылымы» тақырыбындағы ғалымдардың алқалы жиыны еді.
Түркі әлеміне ортақ құндылықтарды сараптау мақсатында отандық ғылымның майталман-ардагерлері, ғылым докторлары Ш.Сарыбай, академик Ә.Қайдар және Р.Сыздықовалар қатысса, Абай атындағы университетіміздің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Кенжебаев Ғ.К., «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Тулекова М.К., университеттік білімгерлерді қабылдау мен мамандар даярлауды бақылау орталығының директоры Шілдебай С. және ғылым институттарының басшылары, ЖОО-дың белді тарихшы ғалымдары өз пікірлерін ортаға салуға ат басын бұрды.
Ардагер ғалымдардың ширек ғылым тарихындағы ақтаңдақтары мен ғылыми бет бұрыстардың шешуші сәттерін еске алыса отырып, тәуелсіздік жылдарында бүгінгі қолға алынған латын әліпбиіне көшу әрекеттері, алғаш отандық ғалымдарымен 1992 жылы Түркияда келелі жиында айтылса, қазақ қоғамында 1994 жылдан бері ғылым мен БАҚ арнасында жиі көтеріліп, қоғам талқысына ұсыныла бастаған кезеңдеріне шолу жасап өтті.
Ә.Қайдар, ҚР ҚҒА Президенті М.Жұрынов, Халықаралық Түркі академиясының Президенті Д.Қыдырәлі тұщымды баяндамаларымен жиылған ғалымдардың алдына жарыссөз тақырыптарымен бөлісті. Университетіміздің ғалымдары, тіл институты мамандары, белгілі түріктанушылар мен қоғам қайраткерлері ортақ түркі әлеміне кіретін Қазақстан Республикасының латын әліпбиге көшу туралы салмақты бастамасын қолдап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келешекке бастаған даңғыл жолдағы төл әліпбидің уақытылы әрі өміршеңдігіне ғылыми көзқарастарын білдірді. Түркі әлемінде атажұрттың шаңырағын иеленген Қазақ елінің тарихы тереңдей алыстаса да, рухы мен арманын бір табан жақындастыратын осы әліпбиге үлкен толағай сенім артты.
Жиын соңына Халықаралық Түркі академиясының ұйытқысымен арнайы жасаған отандық ғылымға үлкен үлестерін қосқан ардагер-ғалымдарға Алтын төсбелгісімен марапаттады. Жиын соңы топпен естелік фотоға түсу дәстүрімен аяқталды.

 

 

 

Түлектер - 2016


5В011400-Тарих, 5В020300-Тарих, 6М050500-Аймақтану мамандықтарында мемлекеттік емтиханды түлектер «өте жақсы», «жақсы» деген бағамен тапсырды. Төрт жыл бойы өздерінің алған білімдерінің қорытындыларын көрсете алды. Бакалаврды бітірген түлектеріміз білімдерін ары қарай жалғасытыра отырып магистратураға тапсырмақ. Түлектерге өмір жолында қанаттарын талмасын деп тілейміз.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН және ЕЛІМІЗДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ТАРИХИ ІС-ШАРАЛАР КӨРІНІСІ

Егемендігіміздің мерей тойына кафедра ұжымы өз үлестерін қосты.  Халықаралық конференция және дөңгелек столдар ұйымдастырып, студенттер арасында мәдени шаралар өткізді. Тәуелсіздіктің құрдастары, Егемен елім, Алматыға 1000  жыл т.б.

 Әлем тарихы кафедрасының оқытушы профессорлар құрамы өз шәкірттерін оқытумен қатар  мәдени іс шараларға, университеттің тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға атсалысып және студенттер арасында кафедра мүшелері жатақханада кезекшілік өткізумен қатар стууденттер арасында кездесулер мен мерекелік кештерге қатысып отырады.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА

14 СӘУІР 2016 ЖЫЛЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ   НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ.

 

«Әлем тарихы» кафедрасы бойынша студенттік үйірмеге қатысушылар: 

Үйірме атауы

Үйірме жетекшісі

Қатысушылардың саны

1.

«Жерұйық»

т.ғ.д.,профессор Тулекова М.К.

 

4  (магистрант)

8  (студент)

2

«Тенгри»

П.ғ.к., доцент Дайрабаева А.Е.,

аға оқытушы Бабаханова Э.А.

4 студент

 

3.

«ЖҮЗДЕСУ» АТТЫ  СТУДЕНТТІК ҮЙІРМЕ - СТУДЕНЧЕСКИЙ КРУЖОК  «ОБЩЕНИЕ»  - STUDENT CLUB «MODERN TALKING»

 

Т.ғ.д., доцент  Ғали  Ә.Б.

2  (магистрант)

6  (студент)

4

Аль-Тарих

т.ғ.д.,профессор Тулекова М.К.,

т.ғ.к.,аға оқытушы Мұратқазин М.М.

 

4 студент

4 магистрант 6М050500-Аймақтану

Тарихы және құқық институтында жас ғалымдарды тәрбиелеп, білімді студенттерді жан-жақты дүниетанымын кеңейтетін «Жерұйық» студенттік клубы жұмыс істейді.

«Жерұйық» клубының құрылу мақсаты жастардың инситут қабырғасында алып жатқан білімдерін фундаменталды тұрғыда жан-жақты дамытуға, ақпараттар мен ізденген материалдарын ортаға салып талқылауға, дәлел-дәйектерге ерекше көңіл аудара отырып негізбен жеткізе білуге, аудиторияның алдында сөйлеп үйренуге, әр түрлі қоғамдық-ғылыми іс-шаралар мен олимпиядаларға дайындалуға, ғылыми-публицистикалық еңбектермен жұмыс істей білуге үйретеді.

«Жерұйық» клубын академиялық-теориялық қолдауды және жастарға дұрыс бағыт-бағдарын үйлестіруді аталған институттың «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Мереке Көкеқызы Төлекова жүзеге асырады.

Клуб мүшелері айына төрт рет институт кітапханасы мен арнайы дәріс залдарында жиналып, әрбір семестр сайын клуб жұмысының есебі жасалады. Оқу жылының басынан бастап, клубтың жаңа мүшелерінің қатары толығып отырады.

Институттың 5В011400-Тарих мамандығы студенттерімен Айтуға оңай бағдарламасының үзінділері

НАУРЫЗ мерекесіне ұйымдастырылған «Әлемге саяхат» атты тәрбие кешінің көрінісі

«ЖҮЗДЕС» АТТЫ  СТУДЕНТТІК ҮЙІРМЕ - СТУДЕНЧЕСКИЙ КРУЖОК  «ОБЩЕНИЕ»  - STUDENT CLUB «MODERN TALKING»

 атты ағылшын тілінде жұмыс жүргізетін студенттік үйірме ашылды

2015-2016 оқу жылы Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасы жанынан  Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., проф.     А.Ш. Махаеваның ұйымдастыруымен ағылшын тілінде жұмыс жүргізетін «Modern talking» атты  студенттік ғылыми үйірме құрылды. Үйірме жетекшісі ағылшын тілінде  сабақ жүргізетін ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әзімбай Ғали. Үйірменің мақсаты - студенттердің ағылшын тілін меңгеруіне және еркін қарым-қатынас жасауына жәрдемдесу және тарихи білімін шыңдай түсуіне жәрдемдесу.

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ ӘЛЕМ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН, АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗЕТІН «MODERN TALKING» АТТЫ  СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕНІҢ 2016 ЖЫЛҒА

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ:

Тақырыбы     

 

Өтетін уақыты

Өтетін орыны

Орындаушылар

Орындалуы туралы белгі

 

1

 

Конфуций -  ұлы ойшыл

 

Конфуций - великий мыслитель

 

 

Қаңтар

 2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

2

 

 

 

Шетелдік тарихи фильмдер: ондағы қанатты сөздер

 

Зарубежные исторические фильмы: крылатые выражения в устах актеров

 

 

 

Ақпан,

2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

3

 

Наурыз - көктем мен молшылықтың мерекесі: қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері туралы

 

Наурыз: праздник весны и изобилия: о казахской культуре и национальных традициях

 

 

Наурыз,

2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

4

 

 

 

Американдық жазушы Марк Твеннің (Mark Twain) (1835-1910) дана сөздері

 

Мудрые цитаты американского писателя Марк Твена

 

 

 

Сәуір, 2016жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

5

 

Әлем таныған Абай: қара сөздері

 

Признанный миром Абай: слова назидания

 

 

Мамыр,

2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

6

Анақарыс  - әлемнің жеті данышпанының бірі

 

Анахарсис - один из семи мудрецов мира

 

 

Маусым, 2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

7

 

Марта Б. Олкоттың «The kazakhs» атты кітабы: тарихи маңызы

 

Книга Марты Б. Олкотт «The kazakhs»: историческое значение

 

 

Сәуір, 2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

 

 

8

 

 

Роберт Конквестің «The Harvest of Sorrow. Soviet Collectivization and the Terror - famine»  кітабы: тарихи маңызы

 

Книга Роберта Конквеста  «The Harvest of Sorrow. Soviet Collectivization and the Terror - famine»:  историческое значение

 

 

 

Қазан,

2016 жыл

 

 

Комп.

сыныбы

 

 

Үйірме мүшелері

 

 

9

 

Қазақстанның шетелдік зерттеушілері.

Тарихшы-ғалым  К.Л. Есмағамбетовпен жүздесу

 

Зарубежные исследователи Казахстана. Встреча с историком-ученым  К.Л. Есмагамбетовым

 

 

 

Қараша,

2016 жыл

 

Комп.

сыныбы

 

Үйірме мүшелері

 

Үйірме жетекшісі                                                      Ә.Ғали

Кафедра меңгерушісі                                                А.Ш. Махаева

Әлем тарих кафедрасының тәрбие жұмыстары Абай атындағы Қаз ҰПУ тәрбие жұмытарының жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Мәдени - тәрбие жұмыс студенттермен сабақ арасында да, және сабақтан тыс уақыттарында да  жүргізіледі. Әрбір  студенттің  патриоттық, , еңбекке баулу тәрбиесіне  және де мәдени- эстетикалық  тәрбиелеріне көп көңіл бөлінеді.

Кафедраның тәрбие жұмысының бағытының негізгі компоненттері университетік білім ғана емес, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін және зияткерлік тұлғасы мен шығармашылығын дамыту болып табылады.

Университетте оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында эдвайзерлік институты жұмыс атқарады.

Оқу жылы барысындағы білім үдерісін дамыту эдвайзерлер студенттермен әдістемелік жұмыстар жүргізеді.

Кафедраның оқытушылары бірінші кезекте студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруына, азаматтық тұлға ретінде дамуына, сонымен қатар, олардың жан-жақты дамуына және жоғарғы білімді маман болуына көмек береді. Кафедраның оқытушылары саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениеттану, аймақтану, құқық және экономика негіздері  курстарын оқытуда тәрбиелік мақсатта әртүрлі  материалдарды қолданады. Кафедраның профессор оқытушылар құрамы үнемі студенттермен  Әлем тарихы мен Қазақстанда болып жатқан мәселелерді талқылайды.

Әлем тарихы кафедрасының тәрбие жоспары факультет, университеттің тәрбие жұмыстары жоспарымен бекітілген. Оған патриоттық, мәдени, спорттық, адамгершілік - эстетикалық, экологиялық түрлері енеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ЖИТС-пен (СПИД), нашақорлық пен шылым шегуге қарсы күрес, мемлекеттік тілді дамыту, діни және ұлттық тәрбие , құқық бұзушылыққа қарсы күрес, жемқорлық сол сияқты оқу тәрбиесі мен еңбек мәдениеті. Осыған байланысты студенттердің ата - аналарымен тығыз байланыс орныққан.

  • Оқу және әлеуметтік тәрбие үдерісінде

эдвайзерлер маңызды рөл атқарады. Эдвайзерлердің құқығы мен міндеттері университеттің «Эдвайзерлер ережесінде» бекітілген. Эдвайзерлердің негізгі жұмысы жастарды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, азаматтық тәрбие беру, оқып жатқан мамандықтарында маман ретінде өздерін көрсете білуге көмектесу. Эдвайзер институтты, факультет басшылығын және студенттердің арасындағы жеке тұлға болып саналады.

Эдвайзердің міндетіне мыналар  кіреді: студенттермен жұмыс жасарда оқу бағдарламасын меңгерту, оқу үдерісі  кезінде ақпараттық материалдарды тиімді қолдануы, әр студентке  оқу бағдарламасын құрастыру, олардың қателігін түзеп уақытылы көмек көрсету.

 

Шеберлік сыныбы тарихи сабақтастық мәселесіне арналды

Толғанай Есболатқызы, Исаева Орынгүл - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институтының 2 курс студенттері

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ежелгі түріктердің «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздерін аша отырып, оның қазіргі қазақ халқының ұлттық идеологиясымен сабақтастығын көрсетуге арналған «Ежелгі түріктердің ел басқару және елшілік дәстүрі: тарихи сабақтастығы» атты ашық дәріс өтті. Студенттер мен оқытушылардың көңілінен шыққан бұл дәрісті Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Айткүл Махаева өткізді.
Өткен мен бүгінгінің тарихи сабақтастығын шебербайланыстырған ғалым-педагог мультимедиялық құралдардыкеңінен пайдалана отырып, ежелгі түріктердің Бумын қаған, Істемі қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған сияқты пасссионар тұлғаларының халыққа сіңірген ерен еңбегін, ежелгі түріктердің отансүйгіштік өр рухын тарихи деректерге сүйеніп, кеңінен әңгімелеп берді.
Оқытудың жаңа технологиясы үлгісі кеңінен қолданылған дәріс барысында түркітанушы ғалымдар Қ.Сартқожаұлы, Ә.Дәулетхан сияқты ғалымдардың тың тұжырымдарымен, Көк түріктердің бөрілі байрағының тарихымен жастарды таныстыра өту мақсатында «Ұлы дала дүбірі» атты деректі фильмнен үзінділер де көрсетілді, халықтың тарихи жадының жасампаздығы Жетісудың дүлділ ақыны Сүйінбайдың «Бөрілі байрақ» өлеңінен де байқалатынына назар аудартылды.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ежелгі түрік қағандары мен қолбасшыларына берген бағасының құндылығын, «Мәңгілік ел» идеясының маңызы мен мәнін тәжірибелі педагог-ғалым дәлелді жеткізе білді.
«Қасиетті Отанымыз - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылып, қуатты мемлекетке, «Мәңгілік елге» айналуы бүгінгі студент жастарға - болашақ мамандарға байланысты. Тек біліммен ғана оза аламыз.Тек білім-ғылымның арқасында ғана тәуелсіздікті тұғырлы ете аламыз, сондықтан да жастық шақты мәнді де маңызды іске - оқу-білімге арнаңыздар. Абай атамыз да «Ғылым таппай мақтанба» деп кеткен жоқ па?», - деп аяқтады өз дәрісін А.Ш. Махаева.
Дәрістің «Ежелгі түріктердің «Мәңгілік ел» идеясы: тарихи сабақтастығы» атты арнайы бөлімінің аса ұнағанын дәрістен шыққан жастар қызу айтып жатты.

Тарихшы-ғалымдар Талдықорған қаласында өткен Орбұлақ шайқасының тарихына арналған жиынға қатысты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлем тарихы кафедрасының А.Ш. Махаева, Х.А.Сүтеева секілді топ ғалымдары Талдықорғанда өткен Орбұлақ шайқасының тарихына арналған жиынға қатысып, қала маңында өткен театрландырылған қойылымды көріп қайтты. «Хабар» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Айткүл Махаева: - Орбұлақ шайқасы - қазақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі. Сондықтан да оның тарихи маңызы ерекше екені белгілі. Орбұлақ шайқасын одан әрі зерттеп, көпшілікке кеңінен тарату қажет деп ойлаймын», - деп атап көрсетті. Ғалымдар университет студенттерімен, әріптестерімен кездесуде жиынның қалай өткенін, оның тағылымдық сипатын қызықты қылып баяндап берді.

 


«Әлем таныған Алматы» атты дөңгелек үстел өтті

 

Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесіне арналған дөңгелек үстел Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институтында өтті. Дөңгелек үстелді Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Ш.Махаева жүргізіп отырды.
«Биыл әсем қала Алматыға 1000 жыл толып отыр. Қаламыздың осы мыңжылдық мерекесі жер-жерде тойланып жатыр. Әлем тарихы кафедрасы ұжымы да осы мерейтойға орай «Әлем таныған Алматы» - «Признанный миром Алматы» - «Almaty - the famous city» атты дөңгелек үстелді шетелдік қонақтармен бірге өткізуді жоспарлап қойған еді. Міне, бүгін дөңгелек үстелді өткізудің сәті түсіп отыр. Ендеше, «Әлем таныған Алматы» - «Признанный миром Алматы» - «Almaty - the famous city» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Дөңгелек үстелдің мақсаты: Алматы қаласының қалыптасу және өркендеу тарихымен таныстыру, қазақ халқының қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде алар тарихи орнын көрсету», - деп бастады өз сөзін жүргізуші А.Ш.Махаева.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Алматы қаласының қалыптасу және даму тарихын, әлем халқының ілтипатындағы қала келбеті мәселесін, Алматының жаңалықтың жаршысы ретіндегі рөлі жайын талқылады.
Алматы қаласының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихымен таныстыру үшін Жетісу тарихын зерттеуші белгілі археолог, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының аға қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Арнабай Нұржанов алды. Ол мультимедиялық құралдар арқылы Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойының тарихи маңызын баса көрсетті және қаланың тарихына қатысты археологиялық деректермен, материалдармен таныстырды.
Одан соң Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға қызметкері, тарих магистрі Рашид Оразов сөз алып, Алматының жаңа замандағы тарихы жайын, Алматының орнында болған Тойшыбек бекінісінің тарихын айтып берді. Тойшыбек бекінісінің 1850 жылы салынған суреті (орыс шенеунігі Померанцев салған) Петерборда Кунсткамерада әлі күнге сақталынып тұрғанын баяндады және осы бекіністің суретін дөңгелек үстелге қатысушыларға көрсетті.
Жетісу тарихын зерттеушілердің бірі, тарих ғылымдарының докторы, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Айткүл Махаева Алматының бұрынғы атауы Үшалматы болғанын, оны Ш.Ш. Уәлиханов та жазғанын, бұл туралы «Алматы ақшамында» «Шоқан жазған шаһар» деген мақала жариялағанын, 1850 жылы 19-21 сәуір аралығында Үшалматы үшін Тойшыбек бекінісі түбінде патшалық Ресей әскерлерімен кескілескен шайқас болып өткенін, осы шайқаста Тойшыбек би бастаған 7000-дай қазақ қолының 200-і қаза тапқанын әңгімелеп берді.
Белгілі саясаткер, тарих ғылымдарының докторы, ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Әзімбай Ғали Алматы жөнінде қазіргі әлемдік қалалар тарихын зерттеушілердің және саяхатшылардың, шетелдік қонақтардың көзқарастары өте жақсы, лебіздері жылы екенін тілге тиек етті.
Шетелдік қонақтар арасында Түрік халықтары мәдениеті қорының Президенті, «Түрік әлемі» халықаралық газетінің Бас редакторы Ахмет Догдуран дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға алғысын айта отырып, алматылықтарды наурыз мерекесімен, Алматы қаласының мерейтойымен құттықтады және Алматының тарихы өзінің бастауын сонау сақтар заманынан алады деп ойлайтынын, сондықтан да Алматының тарихы бұдан 2500 жыл бұрын басталған деп топшылаған жөн деген пікірін жеткізді. Сонымен бірге түркі халықтарының тарихында Алматы қаласының орны ерекше екеніне назар аудартты.
Дөңгелек үстелге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының профессор-оқытушылары атынан қатысқан өнертанушы-ғалым, күйші Ерболат Жұмашұлы Алматының қазақ халқының мәдени өмірінде алар орнына, тарихи тақырыптағы күй өнерінің шығуына тоқталып өтті, әрі домбырадан күй төгіп, қатысушылардың көңілін көтеріп тастады.
Өлкетанушы журналист Бақытжан Мергенбаев Жетісудағы 1916 жылғы көтеріліске биыл 100 жыл толып отырғанын, Алматы қаласының тарихында бұл тарихи оқиғанын да өзіндік орны бар екеніне тоқталып өтті және жастарды өз елінің тарихын жете білуге шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысқан жастар атынан сөз алған 1 курс магистрі Нұрсерік Тілеуқабыл Алматыдағы құрылыс нысаналарының тарихынан сыр шертіп қана қоймай, сонымен бірге көне және қазіргі қала тұрғындарының ерекшеліктеріне көпшілік көңілін аударды.
Болашақ тарих магистрлері Айзада Шаймерден, Камекова Тахмина, Тондыбаев Абзал, 4 курс студенттері Сұлтан Шотарбай, Айтолқын Дүйсенбайқызы, Абылай Төлегенов және т.б. дөңгелек үстелге белсене қатысты.
«Алматыны әлемге танытқан, әлі де жақсы жағынан танытатын оның тұрғындары. Алматының ажары - оның адамдары. Сондықтан да Алматының мерейін асыратын, байлығын тасытатын алматылықтардың әрдайым көңілдері көтеріңкі, тарихи жады берік болсын», - деп аяқтады өз сөзін дөңгелек үстелді жүргізуші Айткүл Махаева.
Дөңгелек үстелге қатысушы қонақтар одан әрі Тарих және құқық институтының Наурыз мерекесіне жайылған дастарханынан дәм татып тарқасты.