қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.10.2024

Түлектерге арналған жаңа мүмкіндіктер: мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу


Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесін ұлғайту жоспарлануда.

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15-бабы, 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және уәкілетті орган белгілеген оқу нәтижесі (GPA 3.33) талаптарына сай келетін тұлғалар оқу аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде конкурссыз «Б» корпусының келесі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады:

 

- ауданның, облыстың немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімі мен мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымдары (облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалаларды қоспағанда);

 

- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның, облыстың және облыстық маңызы бар қаланың (облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалаларды қоспағанда) атқарушы органдарының басшы емес лауазымдары;

 

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (басшы емес( лауазымдары;

 

- орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының аудандағы, облыстағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалаларды қоспағанда) басшы емес лауазымдары.

 

Біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда түлектер сайттағы конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша бос лауазымдарға (облыс орталығының мемлекеттік органдарында, басшылық лауазымдарға және т.б.) қабылдануы мүмкін www.gov.kz және жүйенің сыртқы порталы арқылы www.eqyzmet.gov.kz.

 

Ескерту: 2023 жылғы 1 наурыздан 31 желтоқсанға дейін бірқатар мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі базасында Мемлекеттік қызметке іріктеуді өткізудің жаңа форматы сынақтан өткізілді. Қазіргі уақытта жаңа форматтағы іріктеу 44 мемлекеттік органда жүргізілуде. Бұл формат Мемлекеттік қызметке іріктеу процесіне барынша оңайлатылған тәсілді көздейді және «адами фактордың» ықпалын толығымен жояды. Үміткерлер конкурсқа алдын ала белгіленген уақытта өтетін онлайн-сұхбатты қоспағанда, ыңғайлы уақытта онлайн, тәулік бойы 24/7 қатыса алады.

 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) жанында жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның басты мақсаты - талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін соңғы курс түлектері мен студенттері тегін оқудан өтіп, таңдалған мемлекеттік органдарға тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматы облысының ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, магистр, сондай-ақ жоғары оқу көрсеткіштері, бакалавр дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілерінің үлесін арттыру мақсатында www.gov.kz сайты және жүйенің сыртқы www.eqyzmet.gov.kz порталы арқылы бос лауазымдармен танысуды сұраймыз. ​​​