Оқу -әдістемелік қызмет
Профессорлық -оқытушылық құрамы жүргізетін кафедраның оқыту методикалық жұмысы мемлекеттік стандарттар аясында тиісті оқу жоспары жүйесі негізінде іске асырылып, сонымен қоса методикалық материалдар мен жұмыс құжаттары қолданылады. Кафедрада мамандық бойынша оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыруды анықтайтын төмендегідей құжаттар бар: Мамандықтың ҚР Мемлекеттік Жалпыға Міндетті білім беру стандарты, (ҚР МЖМБС 3.08.266-2006); Типтік жұмыс оқу жоспары (ҚР МЖМБС 3.08.266-2006); Пәндердің типтік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ №289 бұйрығымен бекітілген, Абай атындағы ҚазҰПУ 2007 ж.); 7.18.2-09 «Мамандықтың оқу-әдістемелік кешеніне және пәндерге қойылатын талаптар». Білім беру үдерісі оқытудың кредиттік технологиясы негізінде жүргізіледі. «5В050200» - Саясаттану мамандығының оқу-әдістемелік кешендері - 100% бар және ҚР МЖМБС 5.03.007-2006. «Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Кәсіби білім беру бағдарламалары. Негізгі ережелері» құжатына сәйкес келеді. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында оқытылатын пәндердің саны - 26. «5В050200» - Саясаттану мамандығында 19 пән бекітілген. Оқу-әдістемелік кешендер ҚР МЖМБС сәйкес жасалынған.
|