қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Оразбаева Хадиша Кадировна

Оразбаева Хадиша Кадировна

 

Қысқаша өмірбаян

Оразбаева Хадиша Кадировна  Оңтүстік Қазақстан облысында туылып, осы жерде орта мектепті аяқтады. «Луч» тігін фабрикасында тігінші болып еңбек етті. 1990 жылы М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін филология, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша қызыл дипломға бітірді.  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде Тараз қаласындағы педагогикалық институтында, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Дарынды балаларға арналған арнайы мектепте, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде, Ә.Мәмиев атындағы орталау мектепте  қызмет атқарып келді. Қазір Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  Foundation факультетінде еңбек жолын жалғастыруда.  

 

БІЛІМІ 

Оқу мекемесі  

Біліктілігі 

Бітіру күні 

 С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті 

Филолог. Қазақ тілі мен әдебиетітінің оқытушысы 

25.06.1990ж 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

Практикалық қазақ тілі

Қазақ тілі (шетел азаматтарына арналған)

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 

Оразбаева Х.К, Өткелбаева Р. «Қазақ тілінде ықпалды оқытудың тиімді жолдары»7.04. 2017. -211-214 б. Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы.2017ж.-319 б; Қазақ тілінде орфоэпияны  қалыптастырудың маңызы.«Мектеп мерейі». 2018 ж, № 1.-4 б.Алматы: «Алматы- Болашақ» баспасы.-2018ж; Оразбаева Х.К, Скендирова М,Абитаева «А.А.Рухани жаңғыру және мәтіндер идеясының үндесуі». 6.04. 2018. -211-214 б. Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы.2018ж.-319 б; «Мәтінмен жұмыс жасай білудің тәсілдері». Білім берудегі педагогикалық технологиялар: дәстүрлер мен инновациялар.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2018.-92-95б; «Оқу сауаттылығы бойынша тест сұрақтары және оларға талдама жасай білудің  жолдары». ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ. 14 сәуір, 2020 ж,177б 

 


← Кері оралу