қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

 

26.10.- 01.11.2016 ж. аралығында Тарих және құқық институты, «Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университетінің профессоры, п.ғ.д. Исхакова Резеда Рифовна «Ресей империясының білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаты: мұғалімдер семинариясы, мұғалімдер институты, мұсылмандық оқу орындары» тақырыбында оқытушыларға, PhD докторанттарға, магистранттарға ашық дәріс өткізді.

 

                    

                    

 

Наурыздың отызы күні ҚазҰПУ-дің Тарих және құқық институты тарих мамандығының І курс магистранттары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің күнделікті жұмыс барысына куә болып, ондағы сақталған құнды архивтік материалдармен танысып қайтты. Бұл игі шара тарих ғылымдарының кандидаты Нұрман Шолпан Төрегелдіқызының ұйтқы болуымен өтілген болатын.

Тарих жер бетіндегі барлық халықтың өткеннен сабақ алып, болашаққа нық қадам басуына жол сілтейтін құбылнамасы іспеттес. Халық рухыңның пәс тартпауына да тарихтың тигізер әсері орасан зор. Ал тарих ғылымының табан тірер тұғыры да, арқа сүйер биігі де - архивтік құжаттар. Кез келген тарихшы архивтік құжаттардан аттап өте алмасы бесенеден белгілі. Архивті ай бойы ақтарсада айызы қанбайтын, жыл бойы жүрседе жалықпайтын талапкер ғана нағыз тарихшы болмақ. Яғни архив тарихшының екінші үйіне айналуы керек. Осындай қасиетті шаңырақтардың бірі - Қазақстан Респуликсы

 Орталық мемлекеттік архиві. Архив қорында Қазақстан тарихының әр кезеңінен сыр шертетін 2181 қор бар. Барлығы 20 сақтау қоймасына бөлінген 1500000 жуық құжат сақталған. Бұл тарихын білуге құмартқан жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Дегенмен бұл құжаттарға қол жеткізу үшін архивтің ішкі жарғылармен санасуға тура келетіні де жасырын емес. Сол себептіде екінің бірі архивтің табалдырығынан еркін аттай алмай жатады. Ал магистранттар үшін архив құжаттарын пайдаланудың заңдылықтарын білуі өте маңызды. 

Шара барысында болашақ тарихшылар осы мәселелер төңірегінде өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтары бойынша архив қызметкерлері тарапынын жауап алды. Магистранттарды Мұрағат құжаттарын пайдалану, жариялау және зерттеушілерге қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нұрипа Жұмабай ханым архив тәртібімен таныстырып, архив материалдарымен қалай жұмыс жасу жөнінде ақыл-кеңестерін беріп отырды. Шара соңында қатысушылар архив қызыметкерлерінің жалпы жұмысымен танысып, құжаттар сақталатын

 орындарды аралап шықты. Ондағы сақталған көптеген құнды құжаттарды көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік алды. Шараға қатысушылардың барлығы да ерекше әсер алып қайтты. Болашақта дамұндай шаралардың жиі өтіліп тұруы өте маңызды болмақ. Өйткені архив құжаттары біздің еліміз үшін теңдесі жоқ рухани байлық болып есептеледі. Сонымен қатар сандық мұрағаттар мен кітапханаларды ұйымдастыру үшінде архивпен тығыз байланыста жұмыс жасауымыз қажет. Бүгінде пән ретінде енгізілген «Айтылған тарих теориясы мен практикасы» аясында атқарылып, жинақталған ғылыми материалдарды архивке тапсыру ісі де жақсы жолға қойылған. Келешекте архивпен қоян қолтық жұмыс жасайтынымызға сеніміміз зор.

Тарих мамандығының І курс магистранты
Н. ТІЛЕУҚАБЫЛ

 

Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы 2012 жылдың қыркүйек айында екі кафедраның бірігуі нәтижесінде құрылды: Абай атындағы ҚазҰПУ-і тарих факультетінің Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы және Тарихты оқыту әдістемесі мен Отан тарихы кафедрасы. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушілігін тарих ғылымдарының докторы, доцент  Махаева А.Ш. атқарып келеді.