Біз туралы | ![]() Акперов Нұрлан Қадырханұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН Акперов Нұрлан Қадырханұлы 1997 жылғы 15 шілдеде дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 2015 жылы Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын физика-математика бағытындағы №20 арнаулы лицейді «Алтын белгімен» аяқтады. 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетіне оқуға түсті. Студент кезінде республикалық студенттер олимпиадаларының үш дүркін жүлдегері болды. Университетті 2019 жылы үздік дипломмен бітірді. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-техника факультетінің магистратурасына оқуға түсті. 2021 жылы магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. 2020 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы И.В. Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған лицейінде математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Сондай-ақ Алматы қаласындағы «№90 мамандандырылған лицей» және «№165 мамандандырылған лицей» сияқты үздік физика-математика бағытындағы мектептерде жұмыс істеді. 2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «8D01501-Математика» мамандығы бойынша PhD докторантурасына оқуға түсті. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика факультетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Математикалық есептерді шешуге арналған практикум, Математикалық есептерді шешуге арналған практикум-2. Магистратурада: Математикадан мәтіндік есептерді шешудің қолданбалы аспектілері, Математикадан экстремумдарға арналған қолданбалы есептерді шешу әдістемесі.
ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ Ғылыми мақалалар: Абылкасымова, А., Тұяқов, Е., Разақ, Ж., Акперов, Н., & Кенжебек, Х. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын контекстік есептер арқылы қалыптастыру. «ҚР ҰҒА хабаршысы», №4, 2024. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.783 ← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|