Негізгі бет /
Хабарландыру
06.06.2024 «Химия» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді
2024 жылдың 18 маусымында сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану-география институты, химия кафедрасының кеңейтілген отырысында Бухарбаева Фариданың 8D05301-химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Ацетилен қосылыстарын гидрлеу үшін VIII топтағы металдар негізінде полимер-тұрақтандырылған нанокатализаторлар жасау» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын талқылау өтеді.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн форматта өткізіледі.
Диссертация «Д.В.сокольский атындағы Жанармай, Катализ және Электрохимия Институты» АҚ орындалған. Қорғау тілі - орыс тілі
Ғылыми кеңесшілер: Жанбеков Хайрулла Нышанұлы - жер туралы ғ.д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан); Жармагамбетова Алима Кайнекеевна - х.ғ.д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан); Мурзин Дмитрий Юрьевич - т.ғ.д., профессор (АбоАкадеми Университетінің Химия-технологиялық факультеті, Турку, Финляндия).
Рецензенттер:
Нургазиева Эльмира Кудайбергеновна - PhD, аға ғылыми қызметкер («Назарбаев Университет», Астана қ., Қазақстан); Шадин Нұргүл Адырбекқызы - PhD, аға оқытушы (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан).
Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көш., 30, №1 корпус (7-қабат, 716-кабинет). |