қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.05.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының блогы туралы ақпарат


Құрметті қызметкерлер мен білім алушылар!

 

Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының блогы туралы Ереже әзірленіп, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма отырысының 2024 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен бекітілді (№ 29 хаттама). Ректор блогының мақсаты - ректор мен азаматтар арасында ашық диалог орнату. Блог университеттің ресми сайтында (https://abaiuniversity.edu.kz/) жүргізіледі.

 

Ректор блогы туралы Ереже университеттің бірінші басшысына жолданған сұрақтар мен ұсыныстарды қарау тәртібі мен ережелерін анықтайтын маңызды нормативтік құжат болып табылады. Ережеге сәйкес анонимді сауалдар қарастырылмайтынын ескертеміз. Университет қызметіне қатысты туындаған мәселелерді тиімді шешу үшін нақты ақпарат пен растайтын фактілер ұсынылып, сауал жолдаушының аты-жөні толық көрсетілуі қажет.

 

Ректор блогы туралы Ережемен университеттің ресми сайтында танысуға болады.