Оқу -әдістемелік қызмет Кафедрада бакалаврлар дайындау жүргізіледі және «Маркетинг» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендері бар. «Маркетинг» мамандығы бойынша студенттерге ҚР МЖМБС-мен белгіленген жалпы білім бері пәндерімен қатар «Таңдау бойынша компонент» блогындағы келесідей пәндер оқытылады: Макроэкономика, Менеджмент, Инновациялық менеджмент, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Кәсіпкерлік іс-әрекетінің негіздері, Стратегиялық жоспарлау, ҒТП және кәсіпорынның инновациялық қызметі, Кәсіпорын экономикасы, Директ-маркетинг, Маркетингтік зерттеулер, Маркетингтік коммуникациялар, Халықаралық маркетинг, Стратегиялық маркетинг, Қызмет көрсету маркетингі, Логистика, Маркетингпен басқару, Өнеркәсіптік маркетинг, Туризм маркетингі, Бренд-маркетинг, Саяси маркетинг. «Менеджмент» мамандығы бойынша студенттер ҚР МЖМБС-мен белгіленген жалпы білім бері пәндерімен қатар «Таңдау бойынша компонент» блогындағы келесідей пәндерді оқиды: Инновациямен басқару, Макроэкономика, Маркетинг, Менеджмент, Кәсіпорын экономикасы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Психологиялық менеджмент, Логистика, Стратегиялық жоспарлау, ҒТП және кәсіпорынның инновациялық қызметі, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Бизнесті ұйымдастыру, Инновациялық менеджмент, Әлеуметтік менеджмент, Инвестициялық менеджмент, Өндірістік менеджмент, Басқарушылық шешімдерді өңдеу, Персоналды басқару, Корпоративтік басқару, Стратегиялық менеджмент, Дағдарысқа қарсы басқару, Жобаларды басқару.
|